Л.Гилбреттер микрохрономерт ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді.
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационалдау (ұтымды ету) ұғымын енгізді.
2. Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған. Ол кезінде Франциядағы көмір өндіретің ірі бірлестікті басқарған. Линдалл Урвик Англияда басқару мәселесі жөніңдегі консультант болса, Джеймс Д “Дженерал Моторс” бірлестігі жұмыс істеген. Олар ұйымды жетілдіруге аса көп көңіл бөліп, тиімділікті арттырудың жолдарын табуға ұмтылып, ұйымның жалпы сипатын, оның зандылықтарын анықтады. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың универсальді принциптерін жасау болды. Өйткені, олар ұйымды нәтижелі жұмыс істеуге жеткізетініне сенімді болған еді. А.Файольдың басқару теориясына қосқан үлесі мыналар. Ол басқаруды өзара тығыз байлыныста болатын бірнеше элементтерден тұратың универсальды процесс деп түсінді. Ол элементтер: жоспарлау ұйымдастыру, басқару, координациялау және басқару жүргізу.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырды, мұның өзi оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принциптері менеджерлердің өз қызмет - міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді. А.Файоль менеджерлерге арналған он төрт принципінде басқарушылардың қызмет мінддеттерін қалай орындау керектігін көрсетеді.
1. Жұмысты бөлісу, еңбекті мамандандыру ұйымдық табысқа жету үшін қажет.
2. Билік. Бұйрық беру правосы жауапкершілікпен ұштасуы тиіс.
3. Tәртіп. Тыңдау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
4. Дара басшылық. Әp6ip жұмыскер тек 6ip бастығынан ғaнa бұйрық алуы тиіс.
5. Бағыт билігі. Ұйымдастыру кезінде әp6ip адамның күш-жігері 6ip бағытқа үйлестірілуі тиіс.
6. Жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай — жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игіліке айналдыра білуде.
7. Ақы төлеу. Жұмыскерлер өздерінің қосқан үлесіне қарай ақы алуы тиіс.
8. Орталықтандыру. Орталықтандыру мен децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелерінің кейбір басқару міндетін тапсыру) пропорция мәселесі болып саналады; әp6ip ұйымда қолайлы тепетеңдік болуы тиіс.
9. Иерархиялық (төмен шендшердің жоғары шенділерге бағыну тәртібi) тізбек. Басшылар басшылықтың формальды тізбегін орындауы тиіс, мұның өзi жоғарыдағы басшылардың бipeyi басқалармен ақпаратгы алмасу жөніндегі нұсқау бергенше сақталады,
10. Реттілік. Материалдың құндылығы затында болуы тиіс.
11. Әділеттілік. Мейірімділік пен заңдылыққа негізделген әділеттілік қызметті шын көңілімен беріле істеуте ықпал етеді.
12. Қызметшілердің тұрактылығы және қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдарға өз жұмысын жете білуіне уақыт беру қажет.
13. Ынта-ықылас. Адамдардың ең көп қанағаттануы — жоспарды өз бетінше жасауы және орындауы.
14. Ерекше рух. Қызметкерлердің күш-жігерді жұмылдыруын ұйымдастырудын табысты болуының кепілі.
Классикалық мектептің өкілі ағылшын Линдал Урвик А.Файольдың негізгі қағидаларын одан әpi дамытып, тереңдете түсті. Л.Урвик те Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штатты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зерттеулерінің түгі қазығы ретінде пайдаланылып отыр.
Л.Урвик ресми ұйғыш құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталынып отыр:
1. Құрылымның сәйкестігінде атап көрсетілетіні — әуелі ұйымдастыру құрылымын мұқият ойластыру, содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет;
2. Арнайы және бас штабты құру- Басқарудың күрделене түсуін ескеріп Л.Урвик ұйымдастыруда «штабтық» мамандардың маңыздылығын жете түсінді. Ол арнайы штабтар құру қажет деп есептеді, олардыц негізгі қызметі ұйым басшысы үшін ұсыныс жасау, сонымен қоса үйлестіру қызметінің күрделене түсетіндігін жорамалдаған ол «бас» штаб құруды қажет деп санайды. Сөйтіп «бас» штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындауын және таратуын, күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар кызметін үйлестіре басшыларға көмек көрсетуін жақтады:
3. Құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы. Сызықтағы басшыларға белгілі 6ip қызмет жауапкершлігін ғана жүктеу жеткіліксіз, сондай-ақ оларға тиісті билік пен тең жауапкершілікті де жүктеу қажет.
4. Бақылау өpici — басшыға тікелей бағынатын адамдар саны. Урвик былай деп сендірді: әрбір жағдайда бақылау өpici басшының жекелей сапасына байланысты, демек нақты белгіленетін норма болуы мумкін емес;
5. Мамандандыру. Басшы қызметкерлерде мамандандырудың үш түpi болуы мүмкін мақсат белгісі, операциялар бойынша түтыну түрлері немесе географялық белгілері бойынша. Алайда, бұлайда дәл белгілеу өте қиынға түседі, сондықтан да әp6ip жағдайда жиынтық белгілер (критерийлер) бойынша таңдау қажет.
6. Анықтық. Ұйымдағы әp6ip қызметкер үшін құқығы, міндеті жауапкершілігі, басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жазбаша анықталуы тиіс. Тек сонда ғана ұйым қызметінің айқындығына қол жеткізуге болады.
Классикалық мектептің келесі өкілі Макс Вебер (1864-1920 ж.ж ) болып саналады. Ол ұйым бірлігіндегі жетекшлік пен құрылым мәселелерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
М.Вебер, әcipece, ұйымдастырудың үшінші түрінің сипаттамасына тереңірек мән берді. Ол басшының жетекшілігі былайша қамтамасыз етілетіндгін атап көрсетті.
1. Ұйымның барлық қызметі қарапайым операциялардан тұрады да, оларды орындау формалъды түрде жекелеген буындарға жүктеледі;
2. Әрбір басшының формальды түрде бекітілген билігі мен беделі болады да.
тек ұйым үшін ғана жүзеге асырады.
3.Ұйымды кұрғанда жоғарыдан төменге қарай бағыну принципі айқын белгіленуі тиіс;
4. Жекелеген қызметкерлер ерекшелігінің ұйым жұмысына әсерін болдырмау мақсатында, ұйымдағы әp6ip мүшенің жұмыс тәpтібі мен жауапкершілігін айқындайтын нақтылы ережелер, нұскаулар мен стандарттар жасалады;
5. Кез келген басшы қажетті «әлеуметтік аралықты» сақтауы, өзіне келушілерге және қарамағындағыларға әділ болуы тиіс, мұның өзі барлық адамдарға бірдей әділетті болуына ықпал етеді.
III.Қорытынды
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұны тікелей байланысты. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустиялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктірді. Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары – математиктерден антропологтарға дейін айналысады. ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіліне жауап ретінде жаңа бағыт – адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адам қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп те атайды.Адамдық қатынастар мектебінің көрнекі өкілдеріне: М.Фоллет, Э.Мэйо, Д.Мак Грегор, Р.Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М.Фоллет басқаруды «Өзгелерді пайдалатынп, нәтижеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімбілігіндегі психологиялық жағдай маңызын айта келе, «бақытты жұмысшылар дегеніміз – тиімді жұмысшылар» деп тұжырымдады.
IV.Пайаланылған әдебиеттер тізімі
1. Менеджмент оқу құралы 2017
2. Менеджмент. Бердалиев К.Б., Алматы,
3.Менеджмент негіздері Б.Жакенова,Л.Мақсатовна
1. http://rmebrk.kz
2. httpl llibrary.ayu.kz
3. http:llelib.kzl
Достарыңызбен бөлісу: |