II. Негізгі бөлім
1.Менеджмент эволюциясы
2.Басқарудың классикалық немесе әкімшіл мектебі
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
"Менеджмент" (ағылшын тілінде - manage) "басқару" деген мағынаны білдіреді. "Менеджмент" түсінігінің аныктамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жену өнерi ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану аркылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "бас қару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түрiне колданылады. Мысалы, автомобильді және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал "менеджмент" термині ұйым ден гейіндегі әлеуметтік-экономикалык процестерді, шаруа шылык кызметті, жеке тұлғаны және кызметшiлердi бас каруды сипаттайды.
Басқару (басқару процесі) -мақсатқа жетуге бағыттал ған iс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент өзіне мiндеттi элемент ретiнде адамдарды басқаруды, әлеу меттік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес бiлiм облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару.
“Менеджмент” түсінігінің мазмұнын бірнеше түрімен қарастыруға болады:
1)Менеджмент –бұл әртүрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі,функциясы,басқару;
2)Менеджмент-бұл басқару функциясының жүзеге асыруға көмектесетін адамзат тобы.
3)Менеджмент-басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.
Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар:
"Адамдық қатынастар" мектебінің өкілі Паркер-Роллеттiн анықтамасы: "Менеджмент - басқа адамдардын көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету". "Менеджмент - ұйымның мақсатына жетуге және кұруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру, жоспарлау процестері" (Мескон, Альберт, Хедоуридің"Менеджмент негiздерi" оқулығы). "Фирманы басқарудың теориясы мен тәжiрибесi және нарық жағдайындағы оның қызметшілері" (Веснин "Менеджмент негіздері").
. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:
-Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;
-Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру жөне еңбекке жағдай жасау;
-Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.
-Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;
-Нақты мақсаттарды анықтау;
-Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;
-Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру;