Факультет: Филология Курс: 3 Пән



Дата07.10.2022
өлшемі2,6 Mb.
#152169
Байланысты:
слайд 20 гасыр


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Филология
Курс: 3
Пән: XX ғасыр әдебиеті
Тақырыбы: Соғыс жылдарындағы қазақ драматургиясы. М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің «Қынаптан қылыш», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», Ә.Тәжібаев пен Ш.Хұсайыновтың «Мәншүк» , С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», «Гвардия, алға!», Ә.Әбішевтің «Қырағылық» сияқты пьесалары, М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ш.Құсайыновтың «Амангелді», Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз», Ш.Құсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың «Алдар көсе» сияқты пьесалары еңбегіне талдау жасау.
Орындағандар: Акитаева М.Ж.,Алашыбай А.Қ., Ергалиева Э.Б., Ғалымжан М.К., Қалижанқызы Ә.
Қабылдаған: Панзабек Б.Т.
Алматы - 2022
Отызыншы жылдар қазақтың жас драматургиясының буыны бекіп, бұғанасы қатқан дәуірі. Бірсыпыра жазушылар драматургия жанрының тұрақты кадрына айналды.
Шалғай ауылдағы коммунист Жақыптың бұрынғы алашордашыл Қозыкемен яғни екі таптың арасындағы тартысқа құрылған С. Мұқановтың «Күрес күндеріндегісі» (1939), М. Ақынжановтың «Исатай — Махамбеті» (1938), дінді әшкерелейтін А. Тоқмағамбетовтың «Әзірет сұлтаны» (1939) осы кездерде дүниеге келді.
Тікелей драматургия жанрымен шұғылдануға бет алған Әлжаппар Әбішев, Шахмет Хұсайынов сияқты жас жазушылар келіп қосылды. Сонымен, көмір алыбы Қарағанды туралы «Отан үшін» атты пьеса 1938 жылы Әбішевтің қаламынан туды. Сонымен қатар,Шымкент металлургтерінің өмірін баяндайтын «Жолдастар» (1941) пьесасын жазды.
Ш. Хұсайыновтың «Марабайында» тұңғыш рет қазақ совет интеллигенттері жайында мәселе көтеріледі. Адал жанды совет азаматын кірлеуге әрекет жасаған бір топ тоғышарлардың пасық қылықтары әшкереленеді.
«Октябрь үшін» (1932), «Тастүлек» (1935), «Алма бағында» (1937), «Шекарада» (1938), «Абай» (1940), тағы басқа ұлылы-кішілі шығармаларымен Мұхтар Әуезов аз уақыт ішінде аса жемісті еңбек етті. Енді толық мәнді драматургиямыз бар деп сан жағынан да, сапа жағынан да қысылмай айтатын дәрежеге жеттік. Қазақ драматургиясы қандай сын болса да көтеретін белге шықты. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларынан майдан тақырыбына арналған шағын көлемді пьесалар пайда бола бастады. 1941 жылдың аяқ шенінде Мұхтар Әуезовтың «Сын сағатта», С. Мұқановтың «Жеңіс жыры» (1942), Ә. Әбішевтің «Қырағылық» (1942), М. Әуезовпен бірігіп жазған «Намыс гвардиясы», Әуезов пен Мүсіреповтың «Қынаптан қылышы» сияқты ірі пьесалар туды.
«Қынаптан қылыш» пьесасы туралы. Бұл Отан соғысы тақырыбына Мұхтар мен Ғабиттің жазған пьесасы. Бұл пьесаға мен екі түрлі баға беремін: әдебиеттік жағынан күшті пьеса, оқи бастасаң жақсы поэзия сияқты тарта жөнеледі. Өнері жағынан кемшілігі көп пьеса. Бір шығармаға екі түрлі баға беру – құлаққа жаттау естілсе де, ондай шығармалар болады. Оқуға жақсы шығарманың бәрі сахнада жақсы көріне бермейді. Сондай – ақ сахнада жақсы көрінгеннің бәрі оқығанда тарта бермейді. Егер оқу мен көрудің арасында айырма бар десек, бұған талас болмау керек. ІІІығармада осы екі қасиеттің қайсысы болса да біздің керегімізге жарап жатыр.
1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.
М. Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» дастан-драмасы – халқымыздың сонау ғасырлар қойнауынан бастау алатын мәдени-рухани өрісімен; отансүйгіштік, елсүйгіштік идеясымен қымбат туынды. Қойылымда Қобыландыдан бастап әр кейіпкердің табиғи болмысы ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік аяусыз күресінде айқындалып, тағдыр, жазмыш идеясы зерделенеді. Ел азаттығы мен бақыты үшін күрес жолындағы арман-аңсарлары бүгінгі ұрпақ көзімен танылады.
Отызыншы жылдардан бастап,
қалыптасып, іргесін бекіткен қазақ
драматургиясының кеш
бастаушыларының бірі болып, өз өмірінде ірілі-уақты
елуге тарта драмалық шығармаларын
жазған, қазақ театрының туып-
қалыптасуының басы-қасында болған
бірегей тұлға- Шахмет Хұсайынов.
Бала күндерінде жазған өлең жолдарының өзінде ақындықтан гөрі, драмалық элементтердің басымдылығы байқалады.
«Біз де қазақпыз» — Әбділда Тәжібаев жазған драматургиялық дастан.
Пьеса алғашқыда үлкен дауға айналып, «жарамсыз» деп танылды. Оның екінші нұсқасы «Халқым туралы аңыз» деген атпен 1964 жылы «Жүректілер» жинағының құрамында басылып шықты. Тек жарты ғасырдан астам уақыттан кейін бұл шығарма өзекті тақырыпқа айналды. Мұнда тек билікті көздейтін Бура ханның қыспағынан жәбір көрген халықтың азаттығы, келер күнге деген үміті поэтикалық сарында кестеленген. Сондай-ақ, пьесада ұлттық биік рух, халықтың арман-тілегі, дербес ел болуды көздеген мақсаты бар.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет