«Салиха заңы»- франктердің шаруашылық жағынан даму дәрежесі, біздің заманымыздың 2 ғасырының аяғында Тацит сипаттаған ежелгі германдықтардың шаруащылық дәрежесімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болған. VI-ғасырда франктерді ең негізгі кәсібі болған.
3. Жерге меншік және жер пайдалану нысандары Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тиді. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшылары мен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер иеліктерінде құлдар мен колондар (ірі және орташа жер иелерінен шағын жер үлесін алып, заттай салық төлеушілер) жұмыс істеді.
Галлияны жаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктер коғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды.