Факультет: тарих-педагогика Кафедра: Қазақстан тарихы


Семинар сабағының бірден-бір мақсаты



бет8/14
Дата20.12.2021
өлшемі55,83 Kb.
#103898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
СИК метод семинар

Семинар сабағының бірден-бір мақсаты - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу.Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерді зерттелінетін салалардың ерекшелігіне қарай, теориялық білімді пайдалану дағдылары мен машықтарына ие болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Негізгі мақсаттық бағытына байланысты семинардың үш типін ажыратамыз:

1) белгілі бір оқу курсын терең зерттеуге арналған, осы курстың материалымен тақырыптық байланысты семинар;

2) әдіснамалық тұрғыдан маңызды курстың немесе белгілі бір тақырыпты негізді түрде дайындауға арналған семинар;

3) арнайы семинарға ұласуы мүмкін, жекелеген өзекті мәселелерді ғылыми өңдеуге арналған зерттеу типіндегі семинар.

Арнайы семинар белгілі ғалымның жетекшілігімен белгілі бір проблемаға байланысты жас зерттеушілердің қарым-қатынасының мектебін білдіреді. Тәжірибелі жетекші ғылыми шығармашылықтың ауа-райын қалыптастырып, студенттерді ұжымдық ойлау қызметіне бағдарлап, зерттеу жұмысының тиімді әдістерін пайдаланады. Қорытынды сабақта оқытушы студенттік ғылыми жұмыстарға толыққанды шолу жасап, қорытындылайды, қарастырылған проблемалардың ары қарата зерттелу мүмкіндіктерін аша отырып, қызығушылық білдірген студенттердің осы проблемаларды зерттеуге қатысу мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Семинар сабақтары дәріс сабақтарымен тығыз байланысты, дегенмен де семинардың оқу материалы дәріс материалың қайталамайды. Оқытушының жетекшілік рөлі оқу жұмысын тиянақты жоспарлаудан, маңызды сұрақтарды семинарда талдауға бөліп шығарудан, дербес дайындалу үшін әдебиеттерді таңдаудан, талқылау үдерісіне басшылық жасаудан көрінеді.

Семинар сабағының міндеттері:

- оқу пәніне сәйкес студенттердің білімін тереңдету және кеңейту

- зияткерлік мәселелері міндеттерді шешу және дағды қалыптастыру

- студенттерің қабілеттерін жетілдіру мақсатында дәлелдер және оны жоққа шығаруды жетілдіру

- теориялық деңгейі жетілген студенттер дайындау

Семинар сабағының функциялары:

- танымдық

- тәрбиелік

- дамытушылық



Семинардың ерекшелігі:

- оқытушымен студент арасындағы тікелей диалог арқылы тұрақты қарым-қатынастың болуы

- Семинар кезінде дәріс материалын қайталамауы тиіс, бірақ оның негізгі ережелерін талқылау үшін білім беру мәселелерінде өзара байланысты жоққа шығармау.

Жүргізу әдісіне байланысты семинар келесі түрлерге бөлінеді.



Семинар-сұхбат семинар жоспарындағы барлық сұрақтар бойынша бүкіл студенттердің сабаққа дайындалуын білдіріп, тақырыпты белсенді талқылауға студенттердің елеулі бөлігінің тартылуын білдіреді. Оқытушының қысқаша баяндамасынан кейін, жоспардағы нақты сұрақтар бойынша бірнеше студенттердің жан-жақты мәлімдемелері тыңдалып, басқа студенттердің жауа



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет