ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖқұжаты
|
№ 1 басылым
31.08.2016
|
ФР 042-1.02-2016-01
|
Практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау
|
Факультет: тарих-педагогика
Кафедра: Қазақстан тарихы
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы»
пәнінен практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау
Тарих емес мамандықтың студенттеріне арналған
СЕМЕЙ
2016
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауым. проф. м.а., т.ғ.к. Кариева Т.А. _______ 31.08. 2016 ж.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы»пәнінен 5B020300-«Тарих» мамандығына практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау
2. КЕЛІСІЛДІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында әдістемелік нұсқау
№1 хаттама, «_31_»___08_____ 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мухаметжанова
Тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу үрдісінде әдістемелік нұсқауды пайдалану ұсынылды
№1 хаттама, 31.08.2016 жыл
Төрайым _____________ Абішева Ш.Ш.
Мазмұны
1
|
КІРІСПЕ
|
4-5
|
2
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
|
6-13
|
3
|
ӘДЕБИЕТТЕР
|
14-15
|
1. Кіріспе
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеуде маңызды.
Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |