әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын,кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
Еуразиялық тарихи процесте және әлемдік контексте тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи мәліметтері мен кезеңдерін білу;
негізгі тарихи оқиғалармен құбылыстарды, тарихи түсініктер мен тарихи хронологияны білу;
тарихи мәселелердің себеп салдарын анықтай білу;
тарихи сабақтастықтың мәнін айқындай білу;
орындай алу:
тарихи мәселелердің обьективті шындыққа сәйкестігін ажырату іскерлігі;
алған білімдерін қоғамдық мәселелерді шешуде пайдалану іскерлігі;
логикалық ойлау іскерлігі.
Дағдысының болуы:
өз ойларын дұрыс баяндап, жеткізе білу дағдысы;
тарихи танымын арттыруда тарихи әңгімелеп айту дағдысы;
өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
күрделі тарихи процестерді, оқиғалар мен қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғалардың зерттеуге аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдысы.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»пәнінен практикалық (семинар) сабақтың тақырыптары