Факультеті «Механика-математика» Кафедрасы «Механика» СӨж тақырыбы



Дата07.02.2023
өлшемі67,61 Kb.
#167690
Байланысты:
Әлеуметтану


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Механика-математика»
Кафедрасы «Механика»
СӨЖ
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні

Орындаған: Жакыпбекова А.Е.
Тексерген: Сарсенова А.Б.


Алматы, 2022 ж


Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні
Егер жаңа технологиялар адамзатты биік шыңдарға жету мақсатында, күнделікті өмірдің күйбең тіршілігінен босата алмаса, «жаңа технологиялық прогресс» ұғымы өз мағынасын жоғалатады.
Жак Фреско
Әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Өткен ғасырларға қарағанда, бүгінгі күн жаңашылдықтың айқын дәлелі саналады. Осыдан жүз жыл бұрын ғаламтордың, жаңа технологиялардың, ғылыми ашылулардың орын алатындығын ешкім болжай алмаған еді. Алайда, жаңа технологиялар адамзат өмірінің ажырмас бөлшегіне айналды. Сонымен қатар, жаһандану үрдісінің төрімізге келіп орнығуы, әлем елдерінің қарқынды тәжірибе алмасуына жол ашты. Осы арқылы, бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация әлемде күн санап, үдемелі дамып келеді. Адамдар арасында ақпарат алмасуы жеңілдеді, қажетті ақпаратты кітапханадан емес ғаламтордан іздеу арқылы уақытты үнемдеуге болады.
Бұқаралық коммуникация - бұқаралық коммуникация құралдарын қолдану арқылы жаңа ақпаратты өңдеп, тиісінше рәсімдеп халыққа жеткізу және жаңалықты радиомен, теледидармен және басқа да электрондық коммуникация құралдарымен беру үрдісі. Бұқаралық ақпарат көздеріне тоқталар болсақ, заңнамада бұқаралық ақпараттар тобына барлық адамдарға қолдануға арналған баспа, аудио, аудиовизуалды ақпаратттар мен материалдар тобын қарастырған. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты қоғамдағы адамдар тобының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни, уақытылы қоршаған ортада болып жатқан жаңалықтармен халықты хабардар ету. Халық әрдайым ақпаратты қажет етіп тұрады, себебі, қоғамның қалыпты жұмыс істеуі және дамуы үшін, адамдар айналада болып жатқан өзгерістерден құлағдар болуы тиіс. Осы тұста, бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер етеді?
Ең әуелі, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға әсерін қарастырар болсақ, қоғамдағы әртүрлі пікірлердің қалыптасуы барысында бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады, тіпті, тікелей әсер етеді. Кез келген оқиғаға байланысты әртүрлі тәсілдер арқылы, халық пікірін оң немесе теріс жаққа қарай өзгерте алады. БАҚ - ты халық арасында төртінші билік деп атуы да бекер емес, себебі, саяси науқандардың барысында аталмыш ақпарат беру түрі басты рөл ойнайды. Ең алғаш БАҚ «төртінші билік» деген салыстыруды 1787 жылы ағылшын философы Эдмунд Фрек қолданған болатын. Сол кезеңнен бері 2 ғасырдан артық уақыт өтсе де, аталмыш теңеу өзектілігін жоғалта қоймады, керісінше маңыздылығы артты десе артық болмас. Соңғы уақытта, халықтың бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімі ұлғая түсті. Мысалы, халықаралық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде БАҚ-ты негізгі ақпарат көзі ретінде қарастырушы қауымның үлесі 13% - дан 44% - ға дейін өсті. Осы арқылы, БАҚ қоғамда белгілі дәрежеде маңызды орын алады деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні адам өмірінің көптеген аспектілеріне заманауи ақпараттық құралдар ықпал етеді. Мысалы, ақпараттық құралдар сайлау барысында таңдауымызды өзгерте алады, кез келген адамның қандай да бір мәселеге қатысты ұстанымын қайта қарастырады немесе тіпті жалған ақпараттың дұрыстығына сендіреді. Қарым-қатынас адам психикасының қалыптасуында, оның дамуы мен ақылға қонымды, мәдени мінез-құлықтың қалыптасуында үлкен маңызға ие. Бұқаралық ақпарат құралдары дәл осы қарым - қатынасқа әсер ету арқылы, адамның күнделікті өміріне өзгеріс алып келеді. Тіпті, әртүрлі ақпараттарға сендіру арқылы, қалыптасқан әдеттерін өзгертуге дейін жеткізуі мүмкін. Бұл кейде жақсы нәтиже берсе, кей жағдайларда керісінше адамның жолдан адасуына себеп болады. Сондықтан да, адамдар ақиқатты жалғаннан ажыратып үйренуі қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, заман жаңарудың келесі кезеңіне өтті. Өркениет өрістеген заманда, жаңа технологиялар пайда болды. Жаңа технологиялар арқылы бұқаралық ақпарат құралдары да дамыды. Дамумен қоса, адамдар өміріне ауқымды ықпал көрсететін деңгейге жетті. Бұқаралық ақпараттар арқылы адамдар өзіндік пікір қалыптастырады, өміріне қажетті ақпаратты алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет