Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгің оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Магистранттардың білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары жне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Пәнді меңгеру нәтижесінде:студенттер қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының теориялық және ғылыми әдістемелік бағыттарын меңгеріп, оқытудың әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер жинақталады.