12 апта
№23 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және әдіскер ғалымдар еңбегі
Қ.Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі.Қазіргі технология талаптары. Оқушыны әрбір көркем туындыға, ондағы әдеби тұлғаларға өзінше баға беріп, өзінше ой түюге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері туралы. Поэтикалық талдау үлгілері. Автор туған әдебиеті мен тілінің қадір-қасиетін жете сезіндіре отырып, қазақ ұл-қыздарын отаншылдық рухында тәрбиелеу туралы ой-толғамдарын да ортаға салады. Айтжанова Құттыгүл «Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы» атты оқу құралында қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми заңдылықтарын, проза, поэзия жанрларын, модульді оқыту теорияларын, практикалық жұмыстарда қолдану әдістерін зерттеді. Модульді оқыту, тереңдетіп оқыту, тіл дамыту, шығарма жаздыру жұмыстары – сабақтың түрі, дидактикалық оқыту теориясы психологиялық педагогикалық байланыста эксперименттік қорытындылар талданып, өскелең ғылыми талапқа сай әдебиетті оқытудың әдіснамасы жасады. Сондай-ақ Жұмажанова Т, Ақшолақов, Қ.Мырзағалиев, Қирабаев С, Мақпыров С, Дайырова Ә. Т.б әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.
№24 дәріс сабақ. Тақырыбы: М.Әуезов шығармашылығын оқыту
5-сынып, «Ақын қонақтар» (Абай жолы романынан үзінді, 3 сағат); 6-сынып, «Біржан сал Абай ауылында» (Абай жолы үзінді, 3 сағат); «Көксерек» (7-сынып, 5 сағат); 8-сынып, «Қараш-қараш» (3 сағат); 9-сынып (Абай жолы эпопеясы, 5 сағат); 11-сынып, (10 сағат); М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. М.Әуезовтың шығармашылық өмірбаяны. Жазушының әңгімелері. М.Әуезовтың өмірі, тағдыры, оның жазушы шығармашылығына әсері. М.Әуезов және оның шығармашылғы туралы қазіргі көзқарас (шындық пен дақпырт). М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері, оның қазақ прозасына әсері. М.Әуезов және әлем әдебиеті. «Абай жолы» эпопеясы. Жазылу тарихы, тағдыры, ол туралы бүгінгі көзқарас. М.Әуезов – дрматург. М.Әуезов және қазақ драмтургиялар өнері, театры. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшлігі трагедия табиғаты. М.Әуезов – ғұлама ғалым. Әуезов және Абай.
Достарыңызбен бөлісу: |