9 апта
№17 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағы
Әдебиет сабағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы. Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.). Сабақты талдау мәселелері: а) дидактикалық талдау (сабақтың мақсатын айқындау, дидактикалық принциптерді, оқу материалдарынан логикасын сақтау, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды қадағалау, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін сақтау принципін жүзеге асыру). ә) психологиялық талдау, б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсатында жүргізілетіні;
№18 дәріс сабақ. Тақырыбы: : Әдебиет сабағындағы көрнекіліктердің маңызы
Әдебит пәнін оқытуда көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Мектептегі сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар, факультативтік сабақтарда көрнекіліктер, техникалық құралдарды пайдаланудың принципті айырмашылықтары. Көрнекіліктерді сабақта пайдаланудың тәртібі. Әдебиет сабағындағы көрнекіліктердің қызметі оқушылардың тілін дамытып, әдеби-теориялық біліммен қаруландыруда, жазушы шығармашылығы, әдеби көркем шығарманы меңгеруде мұғалімнің алдыға қойған мақсатына қатысты екендігі. Көрнекіліктерді қолдану өтілген материал табиғатына, оқушылардың ықыласына қатыстылығы. Көрнекілікті сабақта пайдаланудың жолдары. Әдебиет сбағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы; Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; Бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |