Факультетінің деканы


апта №11 дәріс сабақ. Тақырыбы



бет100/124
Дата05.02.2022
өлшемі1,51 Mb.
#14103
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
6 апта

11 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері


Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтар. Ерекшелігі, сабақ процесіндегі алатын орны. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер: Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары; Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ұғынуға қажетті мәліметтердің берілуі. Ақын жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы. Әдеби материалдарды ұтымды сұрыптап, ең маңызды үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығынад суреттелген кезеңмен байланыстыра қамтып, суреткердің әдебиеттен алатын орнын, азаматтық тұлғасын таныту. Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру; Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі; Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыстар, көркем шығармалардың негізгі тақырыптары, идеялық-эстетикалық мазмұны мен маңызы, жанры жайында түсініктердің берілуі; Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктердің рөлі, теле-сабақтар, мұражайлық сабақтар т.б. шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі туралы еңбектерді пайдаланудың жолдары;
12 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Әдеби сын зерттеу еңбектерін көркем туындымен бірлікте қарастыру, өзіндік ерекшеліктері, шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерді пайдаланудың қажеттілігі; Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманытанытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің әдіс-тәсілдері. Әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста оқытылуы. Көркем шығарманың көркемдік компоненттері, тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері, өлең құрылысы туралы; Қ.Жұмалиевтың 1938 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясы» еңбегінің бүгінгі әдебиеттану ғылымының әдебиет теориясына қатысты еңбектердің дамуына негіз болатындығы; Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу; Көркем мәтімнмен жұмыс түрлері; көркем мәтінді талдау мәселесі; оқыту әдістерінің тлдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіні; Қорытынды сабақтар: Бұл сабақтардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтімен жұмыс кезеңімен тығыз байланысы; қорытынды сабақтардың көркем шығарманы түсініп талдаудың шешуші кезеңі екендігі; Алдынғы сабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні; іздену, зерттеу жұмыстары, шығармашылықпен іске асырылатындығы. Әдеби бағыттар. Бұл бағыттардың дамуы мен қалыптасуындағы тарихи-әлеуметтік себептер; әдеби шығармадағы реализм, романтизм ұғымдарының көрінісі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет