Ф-УФ-001/034
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
«Педагогика және өнер» факультетінің «Хореография білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенті Ермаханова Дамира Нұрғалиқызының
(студенттің Т.А.Ж.)
«Түркі тілдес халықтардың би өнеріндегі өзара шығармашылық байланысы» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына (жобасына)
СЫН ПІКІР
1. Өзектілігін, жаңашылдығын және тәжірибелік құндылығын бағалау
Түркі халықтары фольклорының ерекше бай түрінің бірі – би өнері. Халықтық салт-дəстүр – əр ұлттың би өнерінің негізі. Әр бидің əуенінде, оның пластикалық өрнегінде, бояуында барлық даналық, қиялдың байлығы, халық өнерінің əсемдігі мен ерекшелігі көрінеді. «Өнер-ұлттың ары мен рухы» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, өнер біздің асыл қазынамыз, оны сақтап, дамытып, қаймағы бұзылмаған қалыпта кейінгі ұрпаққа жеткізу басты міндетіміз.
2. Әдістемелік базасын, жұмыстың мазмұны мен жоспарының оның мақсатына сәйкестілігі
Би өнері тарихын жүйелі түрде саралап, оны жас ұрпаққа дұрыс түсіндіре білуіміздің де маңызы үлкен. Хореограф педагогтардың алдында оқушылардың бойына өз елінің және басқа да халықтардың би өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін, құрметпен қарау сезімдерін сіңіру міндеті тұрады.
3. Мәселенің шешілуі мен зерттеудің аяқталу деңгейін бағалау
Хореограф педагогтардың алдында оқушылардың бойына өз елінің және басқа да халықтардың би өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін, құрметпен қарау сезімдерін сіңіру міндеті тұрады. Бұл оқу-әдістемелік құралда оқушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін және әртүрлі репертуарды жасауға қол жеткізетін би материалының көп жанрлығы ұстанымы айқын белгіленген.
4. Қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, оларды бағалау
Адамның эстетикалық мәдениеті оның дүниетанымымен байланысты. Сондықтан үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі эстетикалық қабылдау мәселелерімен тығыз байланысты. Эстетикалық тәрбиенің ең бай және тиімді құралдарының бірі - хореография, ол эмоционалды әсердің үлкен күшіне ие, сондықтан идеологиялық сенімдерді, адамгершілік және эстетикалық мұраттарды қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
5. Ескертулер мен кемшіліктер
Ескертулер мен кемшілік тұстары жоқ_____________________________
6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы деңгейінің сипаттамасы Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді.
7. Дипломдық жұмыстың (жобаның) маманды дайындау бағытына сәйкестігі Оқыту, яғни білім беру жеке тұлғаның үйлесімді дамып, өсе түскен адамның дербестігіне, ол адамның бойындағы ықтимал мүмкіндіктеріне бағдарланған. Дипломдық жұмысы (жобасы) Махаматсалиев Бақдәулет Ералыұлының «Түркі тілдес халықтардың би өнеріндегі өзара шығармашылық байланысы» деп аталатын диплом жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын, ал оның авторы Ермаханова Д. Н. білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне лайықты.
Сын пікір беруші:
М.Әуезов атындағы ОҚМУ п.ғ.к., аға оқытушы Дильдебаева Г. Р.
(сын пікір берушінің жұмыс орны мен қызметі, Т.А.Ж. )
«_____»__________________ 2020ж.
М. О. Қолы __________________
Достарыңызбен бөлісу: |