Астана қаласы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Күдерина Шарбану Ағзамқызы



Дата08.09.2017
өлшемі0,53 Mb.
#29991
Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы

4 мектеп-гимназиясының



химия пәні мұғалімі

Күдерина Шарбану Ағзамқызы
Сабақтың қызқты да мазмұнды өтілуі, оқушылардың білімді жақсы қабылдауы, оқыту әдістерін жүйелі пайдалану нәтижесі деп бағалаймын.

Биылғы оқу жылында мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтадым.Бұл бағддарлама бойынша жаңаша,дәстүрлі емес сабақ берудің бірнеше үлгілерімен танысып, оқыту үрдісіне пайдаланудың тәсілдерін үйрендім.

Дәстүрлі сабақ барысында сабақтың мақсатын мұғалімдер қоятын болса, жаңаша сабақтарда оқушылар жаңа тақырыпқа өздері мақсат қойып, оқу материалын қалай игеру қажеттілігін айқындайды. Өзі - өздеріне сыни тұрғыдан қарай отырып, өздерін әділ бағалауға үйренеді. Бұл сабақта оқушылар топпен, жұппен, жеке де жұмыстар жасап, тақырыпты терең игереді.Бұл сабақтарда мұғалім тапсырмаларды жүйелі даярлап, бағыт беруші, көшбасшы болады. Осылай оқушылардың белсенді қатысуымен өткен сабақтар олардың пәнге қызығушылықтарын арттырары сөзсіз. 8 «А» сыныбында өткізген, оқушылардың дербес игерген сабақ үлгісін төмендегі сабақтың мазмұнынан көре аласыздар.

Сабақтың тақырыбы: §64.Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Оқушы мақсаты: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакицялары туралы білім алу

Мұғалімнің міндеті:

1.Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктерін ояту;

2.Оқушылардың дербес білім алуына бағыт беру;

3.Тақырыпты оқушылардың игеруіне бағытталған тапсырмаларды жүйелі орындату;



Оқу нәтижесі:

1.Тотығу- тотықсыздану реакцияларының негізгі қағидаларын түсінеді.

2.Химиялық құбылыстарды, ТТР тұрғысынан қарастыра алады.

3.Тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысы қалыптасады.

4.Есептер шығаруда қолдана алады;

Түйіндеме:

1.Бейметалдардың электртерістілігі жоғары, сондықтан олар өзіне басқа элемент электрондарын қосып алады;

2.Электрон беруші атом-тотықсыздандырғыш;

3.Электрон алушы атом-тотықтырғыш;

4.Металдар тек қана оң зарядталады;

5.Тотығу дәрежесі бір элементтен басқа элементке ауысқан шартты электрон санымен анықталады;



САБАҚ ЖҮРІСІ

I.Ұйымдастыру 2минут

А) Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеп, сабаққа зейінін шоғырландыру.

Ә) топқа бөлу Топ ережесін таныстыру

Оқушылар түрлі заттарды таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:

1-топ : «Оқырмандар»

2-топ : «Суретшілер»

3-топ : « Ғалымдар»

4-топ : «Тілшілер»



II.Үй тапсырмасын орындау 3 минут

«Бәйге сұрақтары»

1. «Электртерістілік» деген ұғымды қалай түсінесің?

2.Берілген элементтердің С,O,S,H,F қайсысының электртерістігі күшті?

3.Химиялық байланыстың неше түрін білесіз?

4.Зарядталған бөлшектер қалай аталады?

5.Мына заттардағы О2, Н2 байланыс түрі қандай?

6.Ең қатты кристалл торлы зат?

7.NaCI кристалл торы қандай?

8. Жұптасқан электрондар арқылы түзілетін байланыс түрі?

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру стратегиясы

III.«Ой қозғау» 5 минут

1.Ертеде бір Темір деген хан өмір сүріпті.Ол өте мықты, жаужүрек батыр кісі болған екен.Ол кісінің бір ерекшелігі ауа райы жаңбыр, қар жауатындай болса ешқандай жорыққа шықпайды екен.

Бір күні Темір батыр «таза ауада дем алып» отырса, бір хабаршы келіп, «орман шетінде өрт шықты» деген хабар жеткізеді.Темір батыр дереу сауыт-сайманын асынып, өртті сөндіруге барады.Ол сол жерде отпен арпалысып,орманды өрттен аман сақтап қалады.Бірақ ол сарайына барғанда оны Темір батыр екенін ешкім танымапты. «Маған ескі досым көміртекті жеткізіңдер,сол кезде ғана мен екенімді білерсіңдер» деген екен.

Осы мәтіндегі реакция теңдеулерін оқушылар ауызша және жазбаша орындайды.

C + O2→ CO2

4Ғе +3О2 = 2Ғе 2О3

2Ғе 2О3 + 3C = 4Fe + CO2

2.Зерттеу жұмысы арқылы есеп шығару. Шегені мыс купоросы ерітіндісіне салу;

7г темір мыс (II) сульфатымен әрекеттескенде түзілген мыс массасы қанша ? жауабы 8 г мыс

Мұғалімнің әрекеті: оқыту тапсырмалары мен жаттығуларды жасату

IV. Мәтінді оқу. 7минут

Оқушылардың жаңа сабақты дербес игеруі үшін «Тотығу дәрежесі.Тотығу-тотықсыздану реакциялары» мәтіні бөліп беріледі.

Мәтінді оқу барысында оқушыларға тапсырма:

1-топ: «Оқырмандар» оқулықтағы мәтіннен түсінгендерін ауызша баяндайды.

2-топ: «Суретшілер» мәтінге сай суретпен ойларын жеткізеді.

3-топ: «Ғалымдар» оқулықтағы мәтіннен тыс қосымша ақпараттармен жұмыс жасайды.

4-топ: «Тілшілер» тақырыпқа қатысты әр топ оқушыларына сұрақтар ойластырады.

V. Тақырыптан түсініп білгендерін ортаға салып қорғау (Презентация) (әр топ оқушыларына 2 минуттан) 8 минут
VI. Сабақты бекіту тапсырмалары:

1 тапсырма «Кім алғыр?» 3 минут

1.Төмендегі қосылыстардың тотығу дәрежесін қойыныздар? 

2.Мына күрделі қосылыстардың тотығу дәрежесін есептеңіз. 

3.Төмендегі қосылыстардың тотығу дәрежесі өсу ретімен орналастыр.

4.Берілген процестерде элемент қанша электрон қосып алады немесе береді:

а) 

б) 

с) ;

е) 

2 тапсырма «Кім жылдам?» 4 минут

1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең

а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O

2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?

а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2

3. Қай қосылыста хлордың +7 тотығу дәрежесін көрсетеді?

а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2

4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі

а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс

ә) үнемі теріс в) нольге тең

5. Күкірттің жоғары тотығу дәрежесі неге тең?

а) +6 ә) -4 б) -2 в) 0

3 тапсырма «Кім тапқыр?» 5 минут

Төмендегі реакцияларды электрондық баланыс әдісімен теңестірейік:

Ғе 2 О3 + C → Fe + CO2

KClO3→ KCl + O2

H2S +O2 → SO2 + H2O

N H3+ О2 → N2 + H2O


4H NO3 + Cu Cu(NO3)2 +2NO2 +2H2O

4 тапсырма «Салыстыр» Венн диаграммасы 2 минут








VII.Бағалау.Бағалау критерийіне қарап толтырады 3 минут



Оқушыңың аты-жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Жаңа тақырыпты меңгеруі

Бекіту тапсырмалары

Қосымша ұпай

Қорытын

ды баға


№1

№2

№3

1

























2



























  • Сабақ барысында әр оқушы :

  • Өз ойын ашық айтуға;

  • Топтық жұмыста белсенділік танытуға;

  • Өзгенің ойымен санасуына;

  • Топтық ортақ шешім қабылдаулары қажет.


Бағалау өлшемдері:

  • 1.Ұжымдағы орны, идея тастауы; (3 баллдан төмен қарай)

  • 2.Топтық тапсырмаларды тиянақты орындауы; (3 баллдан төмен қарай)

  • 3. Ойларын дұрыс, нақты жеткізулері; (3 баллдан төмен қарай)

  • 4.Тотығу дәрежесін анықтай білуі; (3 баллдан төмен қарай)

5. Электрондық баланс құру ақылы тотығу-тотықсыздау реакцияларын теңестіре алуы; (3 баллдан төмен қарай)
VIII.Үй тапсырмасы: §66.оқулық 176-181 бет №5-8 жаттығу есептері 2 минут
IX. Рефлексия алу 1минут

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет