Алып планеталар. Жалпы Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) жалпы көлемі мен массасының өте үлкендігі-мен,тығыздығының төмендігі-мен және өз осінен айналу жылдамдығыныа жоғарылығымен сипатталады. Бұлардың ішінде Плутонньщ орны ерекше. Бұл планета Күннен ең қашық орналасқан планета болып саналады. Әзірге өте нашар зерттелген. 1978 ж. Плутонның серігі бар екендігі анықталды. Юпитер, Сатурн, Уран секілді алып планеталардың серіктері өте көп. Олар метеориттік заттардан құралған сақиналар түрінде байқалады. Мысалы, Юпитер планетасының 15_серігі Юпитермен бірге өзіндік планеталар жүйесін құрайды деуге болады.
Жер — Күн жүйесіне енетін планеталардың ішінде өзіндік ерекшеліктерімен айрықша ажыратылады: атмосфера, гидросфера, биосфера және литосфера қабаттарына жіктеледі. Жер серігі Ай Жерге жақын (384 395 км) болғандықтан, Жерге тартылу және өзіне тарту күшіне карай гидросфера мен литосфера қабаттарында толқу әрекеттерін тудырады. Айдың көлемі жермен салыстырғанда 4 есе, ал массасы 81 есе кіші. Тығыздығы 3,3 г/см3. Айдың өз осінен айналу жылдамдығы Жермен шамалас, сондықтан да ол Жерден әр уақытта да бір жағымен ғана байқалады. Өзіне тарту күші Ай бетінде Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Өйткені Ай-да атмосфера қабаты жок.
Достарыңызбен бөлісу: |