Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері



Дата14.12.2021
өлшемі114,31 Kb.
#126903
Байланысты:
Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері жадынама

Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері

Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы негізді емес, сондықтан:

- Балалардың сындарлы ойлауын қалыптастырып, ғаламтордағы ақпараттың барлығы шынайы емес екенін түсіндіру керек;

- Баланы ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыруға үйретіңіз;

- Балаларды түрлі жолмен ақпарат іздеуге үйретіңіз.

Ғаламторда ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда:

- Баланы жағымсыз, зиянды ақпараттарды тануға, ондай ақпараттардан бойын аулақ ұстауға үйретіңіз;

- Қорғаудың бағдарламалық құралдарына бақылаудың қосымша элементі деп қараңыз.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

- Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;

- Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде, әдеп сақтап, сыпайы болуын талап етіңіз;

- Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;

- Спам хаттарды кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ.

- Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тыйым салыңыз;

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (7-10жас):

  • Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.
  • Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.
  • Өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесетін болсын.
  • Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.
  • Бұл жаста хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз.
  • Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.
  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет