Ғалымдардың болжамынша 2050 жылға қарай жел энергиясы әлемдік электр энергиясына қажеттіліктің 1/3 бөлігін жауып, толықтайды



бет1/4
Дата07.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#152142
  1   2   3   4
Байланысты:
Жел энергетикасы


Жел энергетикасы(ағылш. Wind power) — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендіру. Өз кезегінде жер шарында жел қысым мен температура градиенттеріне байланысты пайда болады. Соңғы жылдары бүкіл әлемде жел энергиясын игеру өте тез жүруде. Қазіргі уақытта көшбасшылар Қытай мен АҚШ болып табылады, алайда әлемнің қалған бөлігі таусылмайтын табиғи ресурс – жел энергиясына негізделген баламалы таза энергияның осы перспективалы бағытын біртіндеп дамытуда. Испания, Германия және Дания сияқты елдер жел энергиясы есебінен электр энергиясына деген қажеттіліктің 30% - ын өндіру бойынша өз мақсатына қол жеткізіп отыр. Жыл сайын әлемде жел генераторлары көбірек орнатылуда және технологияның одан әрі таралу үрдісі байқалады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел энергиясымен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел энергиясымен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіру алдағы уақытта көзделуде.
Ғалымдардың болжамынша 2050 жылға қарай жел энергиясы әлемдік электр энергиясына қажеттіліктің 1/3 бөлігін жауып, толықтайды.
Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.
Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына тәуелді. Мысалы, Даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90) турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және қалақ диаметрі 90 метрді құрайды. Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.
Жел энергетикасы қуат көздерінің анағұрлым серпінді дамитын коммерциялық түрі болып табылады. Қазақстан бұл энергия көздеріне өте бай. Бұл салаға біздің елде адам қолы әлі тиген жоқ. Егер жан басына шаққанда парниктік газдарды ауаға таратудан Орта Азия елдерінің алдында тұрсақ, оның басты өндірушісі отын-энергетика секторы (84,4 %). Жел энергетикасын дамыту арқылы экономикалық және экологиялық мәселелерді тиімді шешуге болады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында күн электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал күн керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.
Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4 — 5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда.
Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі. Қолайлы географиялық орналасуы мен географиялық ерекшеліктерінің арқасында Қазақстан жасыл энергияның, әсіресе желдің жылдамдығы секундына 5-6 метр (м / с) жел дәліздерінің болуына байланысты жел энергиясының үлкен әлеуетіне ие.
Қазақстанның электр станцияларының белгіленген жалпы қуаты 18,995 ГВт, қолданыстағы қуаты — 14,559 ГВт. Салыстыру үшін басқа елдердің электр станцияларының белгіленген қуатын атап өтейік: Ресей — 218 ГВт; ҚХР — 900 ГВт; ЕО, Орталық және Шығыс Еуропа — 900 ГВт. ЕО-ның белгіленген жел энергетикасының қуаты — 100 ГВт. Жел энергетикасы қуаттарының жалпы потенциалы 659 ГВт болуы мүмкін, бұл қазіргі белгіленген қуаттан 35 есе артық. Ал Қазақстанның бірнеше әлеуетті жел аумақтарының электр энергиясын өндіру көлемі жылына 2,1735 триллион кВт-сағ болуы мүмкін, бұл Қазақстанның жалпы электр энергия өндірісінен (2011 жылы — 86,2 млрд кВт-сағ) 25 есе асып түседі.
Осыдан-ақ қазақстандық балама энергия көздерінің, атап айтқанда жел энергиясының әлеуеті үлкен, инвестициялық сыйымдылығы мен тартымдылығы жоғары екендігін байқауға болады. Көмір және газ электр станциялары өндіретін электр энергиясын беру құнымен салыстырғанда жел энергиясын пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көруімізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет