26. ФАП фельдшеріне 25 жастағы науқас Н. жүгінді, іштің төменгі бөлігінің
ауырсынуына, бел аймағының ауруына, әлсіздік, жыныс жолдарынан іріңді қан
кетуіне шағымданды. Анамнезінде: босану – 1, түсік – 1 (5 күн бұрын жүктіліктің 7-8
аптасында жасанды түсік жасалған).
Объективті: Тері қабаттары өзгермеген. Температура 37,5. Пульс минутына 82,
ырғақты қанағаттанарлық . АҚ-115/70 мм.сын. бағ. екі қолында.
Айнадағы жатыр мойнын тексеру: жатыр мойны цилиндр тәрізді, сыртқы ернеуі
ортасында, саңылау тәрізді. Жатыр мойнынан көп мөлшерде іріңді бөліністер.
Бимануальды-қынаптық зерттеу: Жатыр көлемі аздап үлкейген, ауыр сезімді,
консистенциясы жұмсақ.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Осы жағдайда өзініздің тактикасын жоспарлаңыз