Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет15/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
геод

37-сурет. Нивелирлердің түрлері.
Нивелирге қойылатын басты талап нысаналау сәулесінің горизонталь болып орналасуы. Оны горизонталь жағдайда дәл келтіру элевациондық бұранда (3) арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреуігінің ең шетін ұштастыру арқылы 37, ә-сурет).
Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік бағытқа келтіру үшін, дөңгелек деңгей (12) орнатылған және оның үш түзетпе винттері бар.
Ең алдымен дүрбінің көздегіші (7) мен бекітпе (10) арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт (11) көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін қамтамасыз ететін кремальера (3) бар.
Элевациондық винтпен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады 37, ә-сурет). Есеп әрқашанда төрт таңбалы сан болып келеді, яғни көрсетілген мысалда есеп 1145мм-ге тең.
●Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы 3-4 метр, ені 8-10 см және қалыңдығы 2-3 см тұтас ағаш тақтайдан жасалынады. Алып жүруге қолайлы бүктемелі рейкалар да (38-сурет)жасалынады. Тақтайлар ақ майлы бояумен боялып, оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есеп алуды жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес 50 см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан жасалған табан қағылған.


38 - сурет. Нивелирлік рейкалар.
●Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да, ол негізгі жағы болып есептелінеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787 мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың бір жағынан есептер алынса, онда қызыл жағынан алынған есептен қара алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді.
Жұмыс жүргізер алдында ниверлік рейкалар тексерілуге тиіс.
●Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді, нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің жиынтығына, винттердің түзулігіне көз жеткізеді.
Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нысаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды (39- сурет) тексеру былайша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет