Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет20/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
геод

12-лекция
Жер бетінде бұрышты құруда бір-ақ бұрыш салынады, ал қалғанын іздеп табу керек. Бұл кезде коллимациондық қатені жəне көздеу дүрбісінің айналу осінің еңкейу шамасы ең кіші шамасына жеткізіледі, бұл жағдай салынбақшы бұрышты дүрбінің бір жағдайында ғана салуға мүмкіндік береді. Жер бетін де бұрышты салу реті төмендегідей. Айталық А нүктесінде, бастапқы АВ бағытымен ВАС бұрышын салу керек (109-сурет). А нүктесіне теодолит орнатып, алидаданы лимбпен нөл есебіне келтіріп беттестіреді де, аспапты АВ бағытымен бағдарлайды. Лимбты бекітіп, алидаданы босатып, берілген бұрыш шамасына бұрады да, С1 нүктесін белгілейді. Əрі қарай, дүрбінің екінші жағдайында осы жұмысты қайталайды. Теория жүзінде дүрбінің екі жағдайында да, көздеу сызығы бір нүктенің үстіне бағытталуы керек. Бірақ аспаптың колимациондық қатесінің əсерінен жер бетінде екінші нүкте С2 пайда болады. С1 С2 кесіндісін тура екіге бөліп, С нүктесін белгілесек, ол біздің іздеп отырған (a) бұрышының екінші қабырғасының бағыты болып шығады. Бұл бұрыш теодолиттің коллимациондық қатесінен босаған, яғни нағыз жобалық бұрыш. Егер a бұрышын өте үлкен дəлдікпен салу керек болса, онда бірінші жəне екінші нүктелердің орнын табуды «қайталау» əдісімен (немесе «амалдар» тəсілімен) орындайды (109 ə-сурет). 203 Айталық, өте дəл өлшеу нəтижесінде a1 = a + da, сонда ОВ1 жəне ОВ кесінділерінің ұзындығын жəне бұрыштық da айырмашылығын біле отырып, сызықтық орын ауыстыруды (редуцияны) формула арқылы есептеуге болады:

х =ВВ1 = ОВּdּaּsin1// 


Жер бетінде В1 нүктесінен ОВ1 сызығына х перпендикуляр кесіндісін салып, В нүктесін белгілейді, сонда ВОА бұрышы біздің іздеп отырған бұрышымыз. Тексеру үшін, a бұрышын қайта өлшеп көз жеткізеді.
Жобалық бұрышты жер бетіне түсіру дəлдігі көздеу, есеп алу, аспаптың жəне сыртқы əсер қателеріне байланысты болады. Центрлеу, редуция жəне бастапқы берілім қателері жобалық бұрышты жер бетіне салуға көп əсер етпейді, сондықтан есепке алмаса да болады. Өте жоғары дəлдікті бұрыш өлшеу көбінесе, көпір жəне гидротехникалық құрылыстарды қадалау, салу кездерінде қолданылады. Мысал. da = +36// , ОВ =100 м болған жағдайда х түзетуін (редуциясын) анықтау керек. 165-формуланы пайдаланып, табатынымыз
х = 100000х36/206265 ⋅ = 17 мм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет