Фариза Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңі
Тапсырма
Ақын өмірі мен шығармашылығын оқу
Әдеби-теориялық ұғым
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі. Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
1-тапсырма «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңінің мазмұнымен танысыңдар.
2-тапсырма «Күлкімді, жайлы күнімді, азапты, қайғы-мұңымды өзіммен бөліскенің үшін, қатем мен жеңістерім үшін менің мынау қиындау тағдырым болып о баста көріскенің үшін Өлең, мен сені аялап өтем! - деген жолдар ақынның өлеңге көзқарасы қандай екені байқалады ма? Өз ойыңды жаз.