Оқиғалар тізбесі



Дата05.12.2016
өлшемі58,81 Kb.
#3263
  • «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев

Оқиғалар тізбесі

  • Оқиғалар тізбесі
  • 1916 ж
  • 1917ж ақпан
  • 1917ж
  • 1919 ж 10шілде
  • 1918-1920ж
  • 1920ж 9 наурыз
  • 1920 ж 20 тамыз
  • 1920-1924ж
  • 1921-1922 ж
  • 1921 ж
  • 1921ж
  • 1924ж
  • 1925-1929 ж
  • 1925ж XIV сьезд
  • 1927 ж
  • 1927 желтоқсан XV

1927 жылы XV СЬЕЗД

  • 1927 жылы XV СЬЕЗД
  • Голощёкин Филипп Исаевич
  • Сталин Иосиф Виссарионович
  • «Қазақ ауылында революциялық қайта құру жоқ» деген ұғыммен Голощекин Қазақстанда сегіз жыл бойы «Кіші қазан» саясатын жүзеге асыруға күш салды

Филипп Исаевич ГолощёкинШая Ицкович (9.3. 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) – саяси қайраткерҚазақстан өлкелік партия коммитетінің 1-хатшысы (1925 – 33). 1903 жылдан Компартия мүшесі. ПетербургКронштадтСестрорецкМәскеуде, сондай-ақ ФранцияГерманияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император Николай ІІ-нің өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысыжылдарында ПермьЕкатеринбург губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы,БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 1,6 млн. қазақ қырылды, көп бөлігі ҚытайғаРесейгеТүрікменстанғаӨзбекстанға,ҚырғызстанғаИранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 ж. Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола – Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы, ТалдықорғанМеркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. А.БайтұрсыновМ.ДулатовЖ.АймауытовМ.Жұмабаев, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы С.СәдуақасовС.ҚожановЖ.МыңбаевН.Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Л.Мирзоянжіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933 – 37 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 1937 жылы “халық жауы” ретінде тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге атылды. Кейіннен ақталды. [1]

  • Филипп Исаевич ГолощёкинШая Ицкович (9.3. 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) – саяси қайраткерҚазақстан өлкелік партия коммитетінің 1-хатшысы (1925 – 33). 1903 жылдан Компартия мүшесі. ПетербургКронштадтСестрорецкМәскеуде, сондай-ақ ФранцияГерманияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император Николай ІІ-нің өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысыжылдарында ПермьЕкатеринбург губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы,БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 1,6 млн. қазақ қырылды, көп бөлігі ҚытайғаРесейгеТүрікменстанғаӨзбекстанға,ҚырғызстанғаИранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 ж. Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола – Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы, ТалдықорғанМеркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. А.БайтұрсыновМ.ДулатовЖ.АймауытовМ.Жұмабаев, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы С.СәдуақасовС.ҚожановЖ.МыңбаевН.Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Л.Мирзоянжіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933 – 37 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 1937 жылы “халық жауы” ретінде тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге атылды. Кейіннен ақталды. [1]

Партияның ХV съезі 1927ж. желтоқсанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Мақсаттары - ауыл шаруашылығын дамыту - отырықшылыққа көшу - байларды тап ретінде жою - тиімді ауыл шаруашылық өндірісін қалыптастыру - ауыл шаруашылығының меншік салаларына мемлекеттің - ықпалын күшейту

  • Партияның ХV съезі 1927ж. желтоқсанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Мақсаттары - ауыл шаруашылығын дамыту - отырықшылыққа көшу - байларды тап ретінде жою - тиімді ауыл шаруашылық өндірісін қалыптастыру - ауыл шаруашылығының меншік салаларына мемлекеттің - ықпалын күшейту
  • Ұжымдастыруды 1932 жылы көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
  • Жіберілген қателіктер - қатаң жүргізіліп, жаппай қуындау мен лаңкестікке негізделді. - даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілмеді. - әкімшілдік -күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
  • - Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады
  • Табыстары - колхоздар мен совхоздар құрылды - егістік жер көлемі ұлғайды. - ауыл шаруашылық мамандары қалыптасты - шаруалар бай феодалдарға кіріптарлықтан құтылды.
  • Ашаршылық -Ф.Голощекиннің қатігездігі -астықтың шықпауы - Қазақтарды күштеп отырықшыландыру - азық-түлік салғырты - тәркілеу және зардаптары - бай-кулактардың қарсылығы

ТАРИХИ ХРОНИКА ҚАЗАҚ АУЫЛЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАРСАҢЫНДА ЖЭС-ТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ШАРУАШЫЛЫҚҚА БІРАЗ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛДІ. ЕҢ АЛДЫМЕН КООПЕРАТИВТІК ҚОЗҒАЛЫС ДАМЫДЫ. ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАРСАҢЫНДА 1072 ҰЖЫМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕДІ. 1929 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ МАЛ САНЫ 40,5 МИЛЛИОНҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ. БІРАҚ Ф. И. ГОЛОЩЕКИННІҢ «АУЫЛДЫ КЕҢЕСТЕНДІРУ» БАҒЫТЫ ИГІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТТІ. 1928 ЖЫЛЫ 27 ТАМЫЗДА ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ХАЛЫҚ КОМИССАРЛАР КЕҢЕСІ МЕН ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІ «ІРІ БАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН, ЖАРТЫЛАЙ ФЕОДАЛДАРЫ КОНФИСКЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕР АУДАРУ» ДЕКРЕТІН ҚАБЫЛДАДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ 657 БАЙ ЖЕР АУДАРЫЛЫП, ОЛАРДАН 145 МЫҢ МАЛ АЛЫНДЫ. МАЛДАР, НЕГІЗІНЕН, КОЛХОЗДАРҒА БЕРІЛДІ. КӨПТЕГЕН ОРТАША ШАРУАЛАР БАЙЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛҒЫН КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ 1929-1931 ЖЫЛ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ КОЛХОЗ ҚҰРЫЛЫСЫ 1922 ЖЫЛДАН БАСТАП КЕҢЕЙДІ. ҰЖЫМДАСТЫРУ ІСІНЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРГЕ 8000 ЖҰМЫСШЫ ЖІБЕРІЛДІ. 25 МЫҢДЫҚШЫЛАР ДЕП АТАЛҒАН 1204 "ҰЖЫМДАСТЫРУШЫ" МӘСКЕУ, ЛЕНИНГРАД СИҚТЫ ОРТАЛЫҚТАРДАН ЖІБЕРІЛДІ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМДАСТЫРЫЛУЫ ӨТЕ ҚАТАЛ ЖАҒДАЙДА ЖҮРГІЗІЛДІ. 1931 ЖЫЛЫ КӨШПЕНДІ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕНДІ ШАРУАЛАРДЫ ЖАППАЙ ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ МІНДЕТ ҚОЙЫЛДЫ. ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ЖОСПАРСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ. БЕЛСЕНДІЛЕР ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН 3 ЖЫЛДЫҢ ОРНЫНА 3 КҮНДЕ АЯҚТАП «ЖАЛҒАН КОЛХОЗДАР» ҚҰРА БАСТАДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ: АБЫРАЛЫ АУДАНЫНДА – 70 %; ЖЫМПИТЫ АУДАНЫНДА – 60 %; ЖӘНІБЕК АУДАНЫНДА – 95 % ШАРУАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ҮНЕМІ ӨСІП ОТЫРДЫ. 1928–1931 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫ: РЕСПУБЛИКА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ 1928 ЖЫЛЫ 2% -Ы, 1930 ЖЫЛЫ СӘУІРДЕ 56,4%-Ы, 1931 ЖЫЛЫ ҚАЗАНДА 69%-Ы ҰЖЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ МАЛДАРДЫ КҮШПЕН АЛДЫ. МЫСАЛЫ, 1931–1932 ЖЫЛДАРЫ ШҰБАРТАУ АУДАНЫНДА МАЛДЫҢ 80%-Ы ЕТКЕ ӨТКІЗІЛДІ. БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫНА 297000 МАЛҒА САЛЫҚ САЛЫНДЫ, АЛ БАЛҚАШТЫҢ БАРЛЫҚ МАЛЫ 173000 ҒАНА БОЛДЫ. ТОРҒАЙДАҒЫ 1 МЛН. МАЛДЫҢ 98 МЫҢЫ ҒАНА ҚАЛДЫ. КУЛАКТАРДЫ ЖОЮ ІСІ ҚАТАЛ ЖҮРГІЗІЛДІ. ШОЛАҚ БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАШАЛАРМЕН ҚАТАР КЕДЕЙ ШАРУАЛАРҒА ДА ЗОРЛЫҚ ЖАСАДЫ. ҰЖЫМДАСТЫРУ ЗАРДАБЫ 1929–1933 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРІККЕН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ БАСҚАРМА (ОГПУ) 3386 АДАМДЫ АТУ, 13151 АДАМДЫ ТҮРМЕГЕ ҚАМАУ ТУРАЛЫ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ. КӨПТЕГЕН АДАМДАР ӨЗДЕРІНІҢ МАЛДАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ. 1930–1932 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЙГІЛІ ҰЛЫ ЖҰТ АШТЫҚ ЖАЙЛАДЫ. 1930 – 1933 ЖЫЛДАРЫ АШТЫҚТАН 6,2 МЛН. АДАМНЫҢ 2,1 МИЛЛИОНЫ ӨЛДІ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОСЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ САНЫ 40 ЖЫЛДАН КЕЙІН, 1969 ЖЫЛЫ ҒАНА ҚАЛПЫНА КЕЛДІ. ЗҰЛМАТ АУҚЫМНЫҢ ЗОР БОЛҒАНЫ СОНША, 1930 – 1932 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШТЫҚ ТАРИХҚА «ҰЛЫ ЖҰТ», ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСА ЗОР ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАРЫ РЕТІНДЕ ЕНДІ.

ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ НАУҚАНЫ ТЕЗ АРАДА ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРЫЛСЫН! Ф.И.ГОЛОЩЕКИН БҰЙРЫҒЫ

  • 1930 жылы Ресейдің қара топырақты аудандарында жеке шаруаны ұжымдастыру небары 10 пайыз төңірегінде болған да, Қазақстанда бұл көрсеткіш 64 пайыз болған.
  • Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды
  • Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.
  • Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап - қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды
  • Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік - демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды.
  • Отырықшыландыру науқаны жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі - жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі - әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.
  • Смағұл Садуақасов
  • РКП (б) Қазақстан өлкелік партия конференциясы (1925 жыл, сәуір) халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасовты өлкелік партия комитетінің бюро мүшелігіне сайлады. Ол енді бүкіл Қазақстан тағдыры үшін жауап беретін биік дәрежеге ие болды.  Біртұтас Қазақстан болып біріккен республиканың оқу-ағарту ісін жандандыру, жергілікті кадрды тәрбиелеу, мекемелерді қазақыландыру және тағы басқа толып жатқан мемлекеттік мәселе лердің басы-қасында Сәдуақасов жүрді. 25 жасар жас жігіт осыншама жауапты жұмыстарды үлкен қажыр-қайратпен атқара бастайды. Әрине, ол кездегі республика басшылары, әсіресе, Ф.Голощекин Смағұлдың бірбеткей, өжет, тура мінезін жақтыра бермейді. Әсіресе, оның талас мәселелерінде бір айтқанынан қайтпайтын принципшіл қасарыспа мінезі де оған Голощекиндер тарапынан жақсы атақ әпере қоймады.  С.Сәдуақасов пен Ф.Голощекиннің қатты ұстасқан төрт мәселесі болған. Олар: бірінші – мекемелерді қазақыландыру, екінші – оқығандарға көзқарас, үшінші – байларға көзқарас, төртінші – өнеркәсіпті дамыту.  Голощекин мен оның айналасындағылар VI партия конференциясында Сәдуақасовты қуғынға ұшыратып, оны Қызылордадан кетуге мәжбүр етті. 

АШАРШЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚАРСЫЛЫҚТАР БОЛДЫ:

  • 1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы).
  • 1930ж ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды).
  • Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.
  • Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді.
  • 1931ж көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды.
  • «Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды.
  • 1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды.
  • Республика аумағында 1929-1931жж аралығында ұжымдастыруға қарсы372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан(Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916ж көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды).
  •  

«БЕСЕУДІҢ ХАТЫ»

  • 1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин,
  • М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазды.
  • Онда көтерілген мәселелер:  1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.  2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.  3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.  4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

ЕЛДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН ХАЛЫҚТЫҢ КҮЙЗЕЛІСІН НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР КЕЛТІРЕ ОТЫРЫП, ВКП (Б) ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНЕ ХАТ ЖОЛДАҒАН Ғ.МҮСІРЕПОВ, М.ҒАТАУЛЛИН, М.ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, К.ҚУАНЫШЕВ, Е.АЛТЫНБЕКОВ СИЯҚТЫ АЗАМАТТАР ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚУҒЫНДАЛДЫ. ОСЫ ХАТТЫҢ БЕС АВТОРЫНЫҢ БІРІ, 1937 Ж Ы ЛЫ «ХАЛЫҚ ЖАУЫ» ДЕП ҚАМАУҒА АЛЫНЫП, СОТТАЛҒАН, КЕЙІН АТУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕН МАНСУР ҒАТАУЛЛИН СОТҚА ТҰТЫЛҒАНДАР ОРЫНДЫҒЫНДА ОТЫРҒАНДА ӨЗ ЖОЛДАСТАРЫН КӨРСЕТІП БЫ ЛАЙ ДЕДІ:  «...МЫНАЛАР – ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫ ЕМЕС. ЖАУ – МЕНМІН. СОНДЫҚТАН ДА МЕНІ СОТТАҢДАР. БІРАҚ МЕН ДЕ – ХАЛЫҚ ЖАУЫ ЕМЕСПІН, ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНЫҢ ЖАУЫМЫН. АЛ ОНДАЙ ЖАУ БОЛУЫМ 1932 ЖЫЛЫ КОМАНДИРОВКАМЕН КЕНТКЕ (ҚАРҚАРАЛЫ МАҢЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕН) КЕЛГЕНІМДЕ БАСТАЛДЫ.  МАШИНАДАН ТҮСТІМ, АЙНАЛАДА ТІРІ ПЕНДЕ КӨРІНБЕЙДІ. ЕШТЕҢЕ ЖОҚ, ҰЗЫННАН САЛЫНҒАН ҚОРА ҒАНА ТҰР. ЕСІГІН АШСАМ, ІШІНДЕ ӨЛІКТЕР ЖАТЫР. ҮЛКЕН ҚОРАНЫҢ ІШІ ҚАТАР-ҚАТАР ЖИНАЛҒАН МӘЙІТТЕРГЕ ТОЛЫ. КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ КӨЗДЕРІ АШЫҚ ЖАТЫР, БІРАҚ ӘНЕ-МІНЕ ӨЛЕТІНІ КӨРІНІП ТҰР.  АЙҒАЙ-ШУДЫ ЕСТІП, СЫРТҚА ШЫҚТЫМ. ШАШТАРЫ ЖАЛБЫРАП, КӨЗДЕРІ ҚАНТАЛАҒАН, ҚОЛДАРЫНДА ПЫШАҚТАРЫ БАР ӘЙЕЛДЕР ЖҮРГІЗУШІГЕ ТАРПА БАС САЛЫП, ОНЫ БАУЫЗДАМАҚҚА ӘРЕКЕТТЕНУДЕ. ӘУЕГЕ ОҚ АТТЫМ, ОЛАР ТҰРА ҚАШТЫ. ЖАН-ЖАҒЫМА КӨЗ САЛСАМ, БІР ОШАҚТА ҮЛКЕН ҚАЗАН ҚАЙНАП ОТТА ТҰР. БІРДЕҢЕ ПІСІП ЖАТЫР. ҚАҚПАҒЫН АШСАМ – ҚАЙНАП ЖАТҚАН СУДЫҢ ІШІНЕН ЖАС БАЛАНЫҢ БІРДЕ АЯҒЫ, БІРДЕ ҚОЛЫ, БІРДЕ ӨКШЕСІ КӨРІНЕДІ.  МІНЕ, СОЛ КЕЗДЕН БАСТАП МЕН ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНЫҢ ЖАУЫ БОЛДЫМ» («ЖАЛЫН» ЖУР НАЛЫ, 1993, №7,47-Б.). 

«Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы.

  • «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы.
  • «Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан – 313 мың адам;1931 жылы аштықтан – 755 мың адам;1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалттық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 мил­лионы өлді. 1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 жылы тек 4,5 млн ғана қалды», – депті Тұрар Рысқұлов өз хатында... 
  • “Қазақ халқы отырықшы ел болуы тиіс және болады да”. Кімдер? Неге сүйеніп айтты екен?Мұндай кез де келер,бірақ қазір емес,болашақта”
  • Тұрар Рысқұлов 1926 жыл сәуір

Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.

  • Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.
  • Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.  1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.  2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.  3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.  4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.  5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.  6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.  7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.  8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.
  • Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
  • Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.

Ұжымдастыру – қоғамдастыру,жеке ұсақ шаруа шаруашылығын кооперацияға біріктіру өндірістік үдерісі.

  • Ұжымдастыру – қоғамдастыру,жеке ұсақ шаруа шаруашылығын кооперацияға біріктіру өндірістік үдерісі.
  • Тәркілеу - қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.
  • Бай - кулак - дәулетті шаруалар.
  • Геноцид - Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
  • Трагедия - Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
  • Тоталитаризм-адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына мемлекет тарапынан қатаң бақылау мен белгілеуді ұйғаратын саяси режим.
  • Геноцид-халықтың жеке тобын нәсілдік,ұлттық,діни белгілеріне қарап саналы және жүйелі түрде жою.
  • Диктатура-қарулы күшке сүйенетін бір адамның ,топтың щексіз билігі.
  • Коммуна - өндірісті қоғамдастыру. 
  • Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 
  • Шовинизм-басқа ұлттар мен ұлыстарға өшпенділік пен қастандықты тарататын ұлтшылдық саясаты.
  • Аштық жылдары
  • 1921-1922 жылдардағы аштық
  • 1930-1932 жылдардағы аштық
  • Болу себептері
  • 1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық   мол   болған   аймақтардан   азық-түлік   отрядтары   орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті.
  • Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.
  •  
  • Аштыққа ұшыраған аймақтар
  • Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары
  •  
  • Бүкіл Қазақстан
  • Ашығушылар саны
  • Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
  • 1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.
  • Іс-шаралар ұйымдастыру
  • 1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, казақтар ет салығынан босатылды.1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1922 жылғы 4 тамызда ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. 1922 жылы мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді. 18,5 мың жетім бала Ресейге әкетілді. Кеңестік Туркістан туыскандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
  • 1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.
  • Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді.
  •  
  • Зардаптары
  • Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.
  • Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
  •  

ХАЛЫҚ САНЫ

  • Халық атауы
  • 1897 санақ
  • 1911 жылы
  • 1939 жылы
  • қырғыз
  • 201 мың
  • 750мың
  • тәжік
  • 350 мың
  • 900мың
  • түрікмен
  • 281 мың
  • 760мың
  • өзбек
  • 726 мың
  • 3млн900мың
  • қазақ
  • 4млн084 мың
  • 8млн
  • 2млн300мың
  • 1921ж
  • 1932ж
  • 1млн700мың
  • 2млн300мың
  • барлығы
  • 4млн қазақ қырылған

“НАН КЕРЕК БОЛҒАН СОҢ,БІЗ АШТЫҚТЫ ӘДЕЙІ ЖАСАДЫҚ.НӘТИЖЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛМАЙТЫН ШАРУАЛАР МЕН КУЛАКТАР АШАРШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ БОЛЫП ТАП РЕТІНДЕ ЖОЙЫЛДЫ” КЛИМЕНТ ВОРОШИЛОВ ВКП(Б)НЫҢ XVII СЬЕЗІ 1934 ЖЫЛ СЫРТҚА ШЫҒАРЫЛҒАН АСТЫҚ КӨЛЕМІ

  • 1928 жылы
  • 1млн
  • 1929 жылы
  • 13млн
  • 1931 жылы
  • 51,8 млн
  • 1932 жылы
  • 18 млн
  • 1933жылы
  • 48,3млн

КҮНІНЕ ҚАЗАҚ МЫҢДАП ӨЛІП ЖАТЫР, ТҰҚЫМЫ САҒАТ САЙЫН КЕМІП ЖАТЫР. ӨЗ БАЛАСЫН ӨЗІ ҮЙІТІП,СИРАҒЫН ЖЕП, КӨР АЗАБЫН ТІРІДЕЙ КӨРІП ЖАТЫР. ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ

ГОЛОЩЕКИН БАСҚАРҒАН ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ АШТАН ҚЫРЫЛДЫ

  • • Қырылу Адам – 2 млн. 300 мың, 40% Сәбилер - 72%
  • 7 жасқа дейінгілер - 60%

20 ТҮРЛІ САЛЫҚ: Қ.Р.ПА.141Қ(5054ІС166П)

  • Жылқының жал-құйрығы
  • Иттер
  • Есектер
  • Сарышұнақтар терілері
  • Жылан,кесірткелер
  • Ескі-құсқы шикізат
  • Шүберектер
  • Резіңкелер
  • Сүйек-саяқтар
  • Темір-терсектер
  • Мүйіздер,тұяқтар

ҰЖЫМДАСТЫРУ ХАЛЫҚҚА АШТЫҚ ҚАМЫТЫН КИГІЗДІ

  • Суреттерде: қоныс аударушы; өз шаруашылығымен (В.Колтонның суреттері. АҚШ, Гувер мұрағаты.)
  • 1930-жылдардағы аштыққа ұрынған қазақ әйелі мен баласы.
  • Қазақ әйелі. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
  • Қазақ даласындағы ашаршылық. Государственный архив Южно-Казахстанской области
  • Ашаршылық зардаптарының бірі – балалар панасыздығы
  • Фото ҚР Президенттік Мәдениет Орталығының мұражай қорынан алынған
  • Аштан өлер алдындағы қазаққа көмек беруге тырысқан Татьяна Невадовская. Қазақстан, 1933 жыл
  • Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары
  • Көшпенді қазақтар. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
  • Тезек теріп жүрген қыз. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
  • Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
  • Қазақ ауылы. 1928 жыл
  •    Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.
  • Жұттан кейін қалаға көшіп келе жатқан отбасы. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары
  • Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.
  • Сәбилердің бейіті (Моянды демалыс орнының маңы). Павлодар облысы, 1931 жыл.
  • Мамандар сөйлейді

БІР МИНУТ ҮНСІЗДІК

САНДАРДЫ СӨЙЛЕТСЕК…

  • 40,5—4,5
  • 4800
  • 31мың
  • 277
  • 1928 жыл
  • 657
  • 145мың
  • 1932 жыл көктем
  • 1929 жыл 2-жартысы
  • 8 мың
  • 1204
  • 1932 жыл ақпан ****150шақырым***400
  • 70 %
  • 60%
  • 95%
  • 1928 жылы 2%
  • 1931 жыл қазан 65%
  • 1931-32 жыл 80%
  • 173мың***297 мың
  • 1929жылы 56498 ***34мың
  • 1929-1933 жыл**9805***22933**3386***13151***3-10**4832к,1509о,505 к,181 д,242 з
  • 1933***21 мың
  • 1930-30жыл 40%
  • 1930 жылы**313 мың ,1931жылы 755 мың ,1932 жылы 769 мың
  • 1млн ,616 мың,414мың
  • 1931-33 жыл 6,2 млн-2,1млн-0,4млн
  • 1969 жылы 40
  • 1932 жыл 5
  • 1933жыл наурыз
  • 1929-1931 жыл 8 , 372
  •  «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» деп аталатын композиция авторларының бірі – белгілі сәулетші,  Орал Әлібаев. Ол, композицияның өзіне тиесілі бөлігін «Қасірет керегесі» деп атапты.2012 жыл. Астана
  •  
  • Орал Әлібаев, ескерткіш авторы:
  •  Шаңырағы жоқ. Жалғыз керегесі ғана қалған. Керегенің де бәрі түгел бүтін емес. Соның бір бөлігі – қанаты ғана тұр. Сынып кеткен. Мынау «Жер Ана» деп аспанға қолын жайып, тілек тілеп тұр. Бәрі аман болсын, осы қасірет осымен етсе екен, деген философия.

ПІКІРЛЕР ТОҒЫСЫ

  • Кеше
  • Қазақстан
  • Болашақта
  • Бүгін

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

  • “Ашаршылық –қазақ елінің қасіреті” ой-толғау жазып келу.
  • Қазақ зиялы өкілдері,алаш қайраткерлері туралы мәлімет жинақтау.
  • ҰБТ- ға дайындық бойынша “Ұжымдастыру” тақырыбынан келетін сұрақтарды болжап, дайындық жүргізу.
  • ел ұрпақтарының тілегі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет