Тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелерде емделетін стационарлық сырқаттарды кепілді көлемде медициналық және фармацевтикалық көмектермен сапалы түрде қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда звеналарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен тиімді түрде қамтуды ұйымдастыру керек.
Фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерін дәрі-дәрмектермен қамту келесі өндірістік операцияларды қамтиды:
дәрі-дәрмектердің қажеттілігіне қарай сұрау-талап қағаздарының уақытылы толтырылып жіберілуі;
дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы құжаттарның дұрыс және бекітілген талаптарға сәйкес безегдірілуі т.б.
Дәрі-дәрмектердің қажеттілігі және қажетті мөлшерін анықтау, дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұраныстың және ұсыныстың өзгеру заңдылығына байланысты. Дәрі-дәрмектердің сұранысы мен ұсынысының өзгеруіне дәрілік заттардың қолдануына әсер ететін факторлар ықпал етеді. Аталған факторлардың негізгілеріне келесілер жатады:
Дәрі-дәрмектерге деген сұранысты маркетингтік зерттеу, талдау кезінде сұраныстың қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған және қалыптасып келе жатқан түрлері қарастырылады. Дәрілік заттарға деген қалыптасқан сұраныс фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жеткіліктілігін көрсетеді. Қанағаттандырылмаған сұраныс фармацевтикалық сату, өткізу жүйесінде дәрілік заттар ассортименттерінің толық еместігін немесе жеткіліксіздігін көрсетеді. Қалыптасып келе жатқан сұраныс негізінен жаңа шығарылған отандық және шетелдік дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға қалыптасады.
Дәрі-дәрмектердің қасиетті мөлшерін анықтауда медициналық тәжірибедегі қолданыстағы барлық дәрілік заттарды негізгі үш топқа бөліп қарастырылады:
ерекше әсері бар дәрілік заттар;
қолданылуы бақылауға алынатын дәрілік заттар;
кең түрде қолданылатын дәрілік заттар.
Ерекше әсері бар дәрілік заттарға белгілі ауру түрін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатқызылады, туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісік ауралары т.б. Әр аура түрін емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерін анықтаудың өзіне тән ерекшеліктері болады. Аталған дәрі-дәрмектер тобының қажетті мөшерін анықтау үшін, ауру түрімен ауыратын тұрғындардың санын, әр ауруға жылына жүргізілетін емдеу курсының санын және бір емдеу курсын жүргізуге қолданылатын дәрілік заттар санын білу керек. Аталған көрсеткіштер есептедін шығарылғаннан кейін, ерекше әсері бар дәрілік заттардың жылдық қажеттілігі келесі формула бойынша есептелінеді:
Қ=Ш х Ек х А,