Фармацевтикалык өндірісті жобалау және жабдықтау негіздері


)Конструкторлық құжаттар мен бұйымдардың түрлері және белгіленуі



бет4/28
Дата17.07.2023
өлшемі111,01 Kb.
#179479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
проектирование. AG (1)

6)Конструкторлық құжаттар мен бұйымдардың түрлері және белгіленуі. Заводтар мен фабрикаларда алуан түрлі машиналар, механизмдер және олардың бөлшектері, күнделікті өмірде пайдаланылып жүрген заттар, материалдар жасалып шығарылады. Осындай өндірісте жасалуға тиісті нәрселерді немесе тобын бұйымдар деп атайды. Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екі топқа бөледі. Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатынжәне таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор заводының негізгі өндіріс бұйымы – трактор болса, Алматыдагы Октябрьдың ХХ жылдығы атындағы станок жасау заводының негізгі өндіріс бұйымы – темір жонатын станоктар мен автоматтар. Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штамптар, шаблондар, өлшеуіш аспаптар және т.б. осы мекемеде жасалған заттар. Бұйымдарды негізінен төрт түрге бөледі. Олар: детальдар, құрастырылған бұйымдар, комплектілер және комплекстер. Графикалық және мәтіндік құжаттар, ол бұйымды жасауға, дайындауға, қадағалауға, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті мәліметтерден тұрады.Конструкторлық құжатқасызбалар, жинақтау бұйымдарының тізімі, сұлбалар, есептеулер, түсіндірме жазбалар,техникалық шарттаржөне т.б. жатады.Конструкторлық құжаттың түрлері және жинақтаулары стандартен қадағаланған, ал орындау (рәсімдеу) —ережелері Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне келтірілген; Конструкторлық документтерді олардың мазмұнына қарай графикалық және текстілік деп екі топқа бөледі. Әуелі графикалық документтерге тоқталайық. Графикалық конструкторлық құжат (Графический конструкторский документ) — конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, ол сызбалардан, сұлбалардан, аксонометриялардан және т.б. тұрады. • Жобалау конструкторлық құжат(Проектный конструкторский документ) — конструкторлық қүжаттардың жиынтығы, ол негізгі өндіріс бұйымдарын жасап шығару және олардың құрылымы жайында қажетті мәліметтер береді, сондай-ақ келесі кезендегі жұмыстык, конструкторлық құжат жасау үшін қолданылады. • Жұмыстық конструкторлық құжат (Рабочий конструкторский документ) — бұл құжат бойынша бұйымдардың үлгісі жасалады немесе өндіріледі. • Мәтіндік конструкторлық құжат (Текстовый конструкторский документ) — конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, сипат-тізімдерден, есептеулерден, сипаттамалардан, кестелерден, түсіндірме жазбалардан және т.б. тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет