1) Жобалауға кіріспе. Жобалау инженерлік қызметтің түрі ретінде. Жобалаудың құқықтықнегіздері. Жоба - белгілі уақыт ішінде және берілген бюджет көлемінде қойылған мақсатқа жетуге арналған нақты анықталған мақсаты бар өзара байланысқан іс-шаралар кешені. «Жоба» түсінігі ортақ белгілер қатарымен сипатталатын жұмыстардың әртүрлі типтерін біріктіреді.
Жобаның негізгі белгілері: Жобаның уақыттық шектеуі.
Жобаның бюджеттік шектеулері.
Қажетті ресурстарға шектеулері.
Қайталанбастық және жаңалық белгісі.
Кешендік белгісі.
Сонымен жоба дегеніміз нақты мақсатқа жетуге бағытталған; нақты дәрежеде қайталанбас және дара; құрамына өзарабайланысқан амалдарды координалды орындау кіретін; нақты басталуы мен аяқталуы бар, уақыт ұзақтығында шектеулері бар іс шаралар тобы.
Кез-келген жобалар үшін келесі белгілер ортақ болады: 1 - олар нақты мақсаттарға жетуге бағытталған, 2 - оларды жүзеге асыру үшін өзара байланысты іс-әрекеттердің кешенін орындау қажет, 3 - олардың нақты басы және соңы бар, яғни олардың ұзақтылығы уақыт бойында шектелген, 4 - олардың әрқайсысы бірегей және қайталанбас.
Жоба ортасын басқару аумағы екі топтан тұрады, оларда келесі мәліметтер қарастырылады: жобаның фазалары мен оның өмірлік циклі, қызығу танытатын жақтар, ұйымдастырушылық өзарақатынас, жобаны басқарудың негізгі машықтары, әлеуметтік – экономикалық қоршауы.
Жобаларды басқару процесстері бес негізгі топтарға бөлінеді, олар – инициациялау, жоспарлау, орындау, бақылау және мониторинг, аяқтау.
Масштаб бойынша жобаларды 3-ке бөлуге болады: Моножобалар Мультижобалар, Мегажобалар.
Моножобалар – ұйымның функционалдау деңгейінде тек бір есепті шешуге арналған ресурстық, мерзімдік және басқа қоршаулармен жобалық командамен шектелген жоба.
Мультижоба – экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, техникалық, сонымен қатар, көпканалды қамтумен өнімді жіберу жүйесі бірнеше өзарабайланысқан жобалар.
Мегажобалар – мақсаттық бағдарламалар, олар жалпы мақсатқа бағынған, жіберілетін ресурстар көлеміне және орындалуына берілетін уақытпен шектелген бір-бірімен байланысқан жобалардан тұрады.