«Дара батырды,дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік»



Дата11.02.2018
өлшемі116,15 Kb.
#37548
« Дара батырды,дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік»

Мақсаты: қазақ халқының аты аңызға айналған даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының қайталанбас өр тұлғасы мен қаһармандық ерлігін, қайсар қолбасшылық қасиеттерін және жазушылық бейнесін жан- жақты ашып көрсету;

батырдың ерлік істерін өн бойына сіңіріп,елін,жерін,қорғай білуге, қаһармандыққа,ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

өскелең ұрпақтың бойына еліне,жеріне,ана тіліне деген сүйіспеншілігін,құрметін арттыру.

Көрнекілігі:слайдтар,батырдың портреті,көрме,нақыл сөздер.

Барысы



Жоспар

1)Батыр болмысы-биік тұлға

2)Бауыржан даңқты қолбасшы

3)Бауыржан жазушы

4)Бауыржан тіл жанашыры

5)Естелікке толы ғұмыр

6)Ер есінде-ел есінде

Ұйымдастыру

1өлім.Батыр болмысы-биік тұлға

Кітапханашы:Құрметті Ұстаздар,оқушылар және бүгінгі кешімізге қатысып отырған қонақтар! Ат ауыздығымен су ішіп,ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып елін,жерін қорғаған айбарлы да айбынды ержүрек,қаһарман батырларымыз қаншама десеңші! Осындай батыр болмысты қайсар рухты биік тұлғалардың бірі –Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы.

Жырламай тұра аламын қалай мұны,

Жеріме жолатпаған мұң-қайғыны,

Қаһарман, жазушы,ақын, дана азамат,

Бауыржан Момышұлы -ел айбыны.

2010 жылы Бауыржан Момышұлы атамыздың туғанына 100 жыл толды.Батыр атамыздың батырлық, ерлік, қаһармандық істеріне, шығармашылығына арналған “Дара батырды,дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік!”тақырыбындағы әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Бауыржан Момышұлы елі үшін ерен ерлік жасаған,өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға,1941-1945 жылғы жылғы соғыста қаһармандығымен мен қайсарлығы ,әскери басшылықтағы шеберлігі әйгіленіп,атақ-даңқы майданға,бүкіл елге таралған болатын.

2-жүргізуші:Тарихымыздан үлкен орын алған қазақтың дара перзентерінің бірі Бауыржан ата жайлы білу ұрпақ парызы болғандықтан кезекті оқушыларға берейік.

1-оқушы:Алия

Бауыржан Момышұлы қара басы

Халқының болған адам садағасы

Бауыржан Момышұлы қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол да бағлан,ол да батыр,

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа

Сардардың жұта алмайды сөзін оқта

Қолпашты көтермейтін өмірінде,

Мақтауға болады енді өзі жоқта!

Ән:Атамекен

2 –оқушы:Қанағат

,Қазақтың жері Жетісу-береке ырыс қонған жер,

Жамбылдағы Жуалы-жарқырап бағы жанған жер.

Мыңбұлақ аулы шығарған қайсар да батыл,батыр ер,

Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған жер.

3-оқушы:Альфия өмірі жайлы айтылады

4-оқушы:Зайсанбек

Ел аузынан есімде ұлағатты сөздерің,

Батырлыққа баулиды қол бастаған кездерің.

Суретіңе қарасақ,өткір бол деп өмірде

Алмас қылыш жүзіндей жарқырап тұр көздерің

(Экраннан батырдың портреті көрсетіледі)

2-бөлім Бауыржан-даңқты қолбасшы

5-оқушы:Мұхаммедали

Жақсы адамды дәріптеп,жасық адам жақпаған,

Қазақтың даңқын асырған Баукеңді айтып мақтанам

“Қырық жыл қырғын болса да ажалды ғана өлер” деп,

Рух беріп майдандастарға тек Жеңіске бастаған.

(Майдан даласынан суреттер көрсетіледі) Көрініс”Даңқты қолбасшы”

(Сахнада жараланған Бауыржан бейнесіндегі оқушы жатады.Қолында телефон.Анда-санда жарылған бомба атылған зеңбіректер даусы естіліп жатады.)

Автор:Жаумен табан тірескен соғыста полк командирі Бауыржанға оқ тиеді.Жараланса да емделуге кетпей,қос басында жатып,болып жатқанды барып көруге дәрмен жоқ, батальондармен телефон арқылы байланыста болады.Ол қарамағындағыларға”Жігіттер сүйегіміз қалса да,осы жерде қалсын.Бір адым кейін шегінуге жол жоқ деп жарлық береді.”

(Телефон шырылдап дауыс естіледі)

Лейтенант:Нұрсұлтан

-Өзіммен жеті адам қалды.Не бұйырасыз?

Бауыржан:Елге қайта ғой деп айта алмаспын.Бірінші батольонның құрамына қосылып онбасы ретінде соғыса бер.

(Тағы да бомба дауыстары естіліп,телефоннан үшінші батальон командирінің үні естіледі.)

Жалғыз өзім қалдым.Не бұйырасыз?

Бауыржан:Жалғыз өзің қолыңа мылтық алып,бірінші батальон командирі Мұхамбетқұлдың қарамағына барып жай қатардағы сарбаз болып соғыс.

Лейтенант:Нұрсұлтан.

- Ойпырмай ай,үлкен басымды кішірейтерлік мен не жазып едім?!Капитан едім, кіші лейтенанттың қарамағына жұмсадыңыз-ау!

Бауыржан: (зекіп) Батальон қырылып қалса,оның жалғыз командирі тірі қалғанына мен сенбеймін.Қарамағыңдағыларға ие болмасаң-өз обалың өзіңе.Солдат болып соғыс шеніңді мендет қылмай.

Автор:Камила

Баукең Мұхаметқұл айткан бағытқа зеңбіректердің оғын жаудыра бастайды.Мұхаметқұл телефон арқылыбаукеңе зеңбіректі қалай жұмсайтынын айтып жатты.

Мұхаметқұл

-Солға таман...қақ ортасынан түсті,беті бері қайтты оң жақтағылардың...у,беліміз бір жазылып қалды ғой.

Автор:Камила

Бесін кезінде дұшпан қатты бомбалап ,тағы да біздің әскерлерді тықсыра бастады.Біраз уақыттан кейін телефоннан бірінші батальон командирі Мұхамбетқұлдың дауысы естіледі.

Мұхамедқұл: Жолдас

Жан-жақтан құмырысқаша өріп қаптап келеді.Оларға қарсы тұрарлық дәрмен қалмады.Тіптен болар емес.

Бауыржан:(Даусынан қасындағылардың азғырып тұрғанын сезіп қалды)Кімдер болар емес.Дұшпан ба,әлде үрейленгендер ме?Әрине неміс бізден көп болмаса шабул жасар ма еді?”Төртеу түгел болса,төбедегіні алады”деген,қасыңдағы үрейленген әзәзілдердің ықпалына көніп сенің де көзің алақандай болған екен ғой...Ей, Мұхамедқұл,қазақтың”Қоянды қамыс ерді намыс өлтіреді”деген мақалын білуші ме едің?

Мұхамедқұл:Жолдас

(Телефоннан)Иә,білем.

Бауыржан: Білсең,менің бұйрығым сол.(Телефонды тастай салады)

Мұхамедқұл-Жолдас

(Телефондағы дауыс)Бауке,Бәукеш!Тұрдым, тұрдық не болса да!Айтайын дегенім осы еді.

Бауыржан:Жақсы жолың болсын!Зеңбіректерді қайда жұмсау керектігін айтып тұр.Дұшпанның тобына сілте.Бір жүз -екі жүзін өздерің пулеметпен,мылтықпен ақ үлгерерсіңдер...

(Баукең зеңбірекпен дұшпанға қарай оқ жаудыра бастайды.)

Автор:Камила

Сол күнгі кескілескен шайқаста Баукең басқарған полк бірнеше дұшпан шабуылын тойтарып,табандылық көрсетіп,немістерді қырғынға ұшыратады.(Сахна жабылады)

3-бөлім Бауыржан -жазушы

1-жүргізуші

Бауыржан атаның өзі айтпақшы,ол ажалға қарсы төніп, өз ұрпағына бейбіт өмір сыйлады.Онымен қоймай қалған өмірін,күш қуатын әдеби қызметпен айналысуға жұмсады.Табиғатында,ереуілді тұлғасында да мінезінде өр ақынға бітер қасиеті бар Баукең майдан тұсында кейбір бұрқанған шақтарында өлең де толғаған екен.

Осылай болғым келеді” өлеңі Нұрсұлтан Оразғалиев 9-сынып

2-жүргізуші

Батыр атамыздың ерен ерлігі отаншылдық ұлы қасиеті бүгінгі ұрпаққа үлгі -өнеге болса, әскери тақырыптарға жазған еңбектері, қанатты сөздерінің тәлім тәрбиелік мән маңызы ерекше.

Слайд:Қанатты сөздері,батыр атаның тәлімдері,нақыл сөздері.

6- оқушы: Алия

1956 жылдан бастап отставкаға шыққан жазушының қаламынан Москва үшін шайқас ,Қанмен жазылған кітап,Ұшқан ұя, Бір түннің оқиғасы, Майдандағы кездесулер, Офицер жазбалары, Жол үстіндегі, Олар менің есімде, Нар, Ол екеуі сынды шығармалары жарық көрді.

7-оқушысы: Бақытнұр

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйетін жазушы жоқ деген болатын. Қолына 18 жасынан қалам ұстаған жазушының күнделіктері, естеліктері, танымал шығармалары, хаттары жинақталған 3 томдығы бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлының басшылығымен жарық көрді.

8-оқушы Нұрсұлтан.С.

Бауыржан ата мен нағызжазушымын ақынмен деп ешқашан айтпаған.Оның шығармаларының оқиғасы өз өмірінен алынған, басынан өткен дүнелер. Өз көзімен көрген оқиғалары мен араласқан адамдары. Жазушы ойдан кейіпкер шығарып әуре болмаған, араласқан, адамдарының бейнесін сол қалпында қағазға түсірген.

9-оқушы: Зайсанбек.

Баукең сөзінің жазушылық қасиетін былайшабаға берген Мен әскери маманмын,әдебиетке соғстан кейін келдім. Өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын.Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын.



IV бөлім Бауыржан-тіл жанашыры

І-жүргізуші.

Бауыржан Момышұлы ана тіліне араша бола білген. Ол сонау 1944 жылдың 25 ақпанында қазақ тілінің жай-күйін мәселе етіп, көтере білген. Ол орталық комитеттің хатшысы М.Әбдіхалықовтың атына Қазақ тілі туралы пікірі атты арнайы хат жазды.

ІІ-жүргізуші.

Ол хатында Тілсізді айуан деген. Тілі кедей елді мәдениетсіз, арнайы халық дей келіп, сол кездері қазақ тілдік сапасының жоғалып бара жатқанын тілге тиек етіп, мүмкін халіне күйінеді және үкімет тарапынан қолға алынбаса қазақ тілі құмға сіңген судай жоғалып кетерінің өзі ғажап емес екендігін айтқан.

10-оқушы: Ахмет.

Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілінен ажырап, азғын ел атанбасын, аты өшіп ұрпақтарымыз тарыдай шашырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалмасын, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-баба, тарихымызды ұмыту» деген еді.

11-оқушы: Жолдас.

Қоршауды бұзып тәсілмен, жауынан ешбір саспаған.

Батольон, полк, майданда дивизияны да басқарған.

Орысша мен қазақша естелік жазып соғыста,

Елім деп соққан жүрегі, тілді де таза сақтаған.

Тері адам тіршілікпенен, өтуде уақыт ақырын,

Әйгілі даңқты Бауыржан еркесі, ері халқының.

Тегіне «ОВ»-ты қостырмай қазақ болған мәңгілік,

Ес білгеннен есімде Момышұлы батырым.



Көрініс: «Фамилиясы жоқ адам»

Автор: Бауыржанның тіліне деген құрметін орыс жазушысы Александр Бек Бауыржанның ерлігі туралы жазған «Волоколамек тас жолы» повесінде былайша суреттейді.

Ортаға әскери киім киген және қолына қалам, қағаз ұстаған Бауыржан және жазушы Александр Бектің ролінде екі оқушы шығады.

А.Бек: Аты жөніңіз кім?

Бауыржан: Бауыржан Момышұлы

А.Бек: Түсінбедім, қайталап айтыңызшы?

Бауыржан: Бауыржан Момышұлы

(Жазушы қолына дәптерін алады)

А. Бек: Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады?

Бауыржан: Менің фамилиям жоқ. Атым-Бауыржан, әкем-Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндіңбе?

«Екеуі сахнадан шығып кетеді»

12-оқушы: Нұрсұлтан С.

Батыр атамыз «Момышев» деп шақырғанда «Момышев» дегенді танымаймын, мен Момышұлымын деп жоғарғы атақты (Орден, медальдарды) алмай кеткен кездері де болған. Осыдан –ақ атамыздың тіліне деген махаббатын, құрметін ұлтжандылық қасиетін көруге болады.

V-бөлім Естелікке толы ғұмыр

І-жүргізуші.

Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі бізге үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ, бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз.

ІІ-жүргізуші

Қасым Аманжолов : Бауыржан Момышұлының соғыстан өшпес ерлігімен жете таныс болған. Ақынның «Бауыржан» деп аталатын өлеңі батырға деген халық махаббатын білдірген арнау іспетті.

Қ.Аманжолов өлеңі «Бауыржан» Ұзақбергенов Мұхаммедәли 11-сынып

13-оқушы:Маржан. «Бауыржан Момышұлы мұрасы ХХІ ғасыр көгінде» орталығының бас ғылыми қызметкері, бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы былай деп еске алады: «Баукең тек соғыста, бетпе-бет шайқаста ғана емес, бейбіт күнде, мамыражай тіршілікте де ерекше биік көрінетіндердің айқын үлгісі еді.»

Ол соғыста да, бейбіт өмірде де әділдікті, адалдықты, ралықты ту етіп көтерді. Қулық, сұмдық, зұлымдылық, жағымпаздық, екіжүзділік,қорқақтық секілді пендешіліктерге жан-тәнімен қарсы болды.

14-оқушы: Ботагөз.

Батыр бұл дүниедегі жақсының, асылдың бәріне сүйсініп, ағынан жарылып, әділін айтқан. Алайда сол асылдардың өзі кейде осы күйбің тіршіліктің ыңғайына қарай пендешілік таныта қалса, алмас қылыштай жарқ етіп ат құйрығын үзісіп кеткен. Міне, батыр болмыстың кәусар табиғаты осындай еді...» деп еске алады ғалым.

15-оқушы: Алия.

Батыр атамыз туралы «Восхождение к отцу», «Во имя отца», «Сыновья великого полка» атты кітаптардың авторы, жазушы, Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлы «Әкеміз Халықпен болсаң, жалғыздық көрмейсің халықтың жолымен жүрсең адаспайсың» деген өсиеті ешуақытта есімнен кетер емес деп еске алады.

16-оқушы: Алия.

Ал, батыр туралы жазылған «Шуақты күндер» кітабының авторы, батырдың келіні Зейнеп Ахметова «...Егер жас адам тілін тыйып, үлкеннің алдында үндемесе, ақылы бар адам өз қателігін түсінеді. Атам да сондай кісі еді. Кейде мен үйге келген кісілер үшін сөз естіп қалатынмын. Бірақ атам қанша қатты ашуланса да біраздан соң мені шақырып алып: Балашка, мен артық кетіп қалыппын, кешір» дейтін. Ол кісі өз қателігін мойындап, кішкене баланың өзінен кешірім сұрауға арланбайтын деген естелігі батырдың ұлылығын, кішіпейілділігін паш етеді.

17-оқушы : Маржан

Батырымды айтып шаттанып шын жүректен шырқадым,Ғасырлық тойың тойланып жалғасын тапсын жыр таңын. Батыр тұлғаң,мол мұраң-болашақтың бағдары, Қасиетіңді қастерлеп ұмытпас мәңгі ұрпағың.

VI бөлім «Ер есімі – ел есінде»

ІІ жүргізуші.

Бауыржан Момышұлы «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен, Отан үшін отқа түс күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды» дейді.

Халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деп Н. Назарбаев тәуелсіздіктің 19 жылдығына байланысты салтанатты жиналыста сөйлеген болатын.

18-оқушы: Ботагөз.

Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туғанына 100 жыл толуына орай Ресей астанасындағы мектептердің біріне батырдың есімі берілді. Мұндай бастама Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужковтың кездесуінде көтерілді. Батыр атамызға мәскеуліктердің құрмет көрсетуі орынды. Себебі Бауыржан Момышұлы атамыз 1941 жылы Мәскеу түбіндегі сұрапыл шайқастарға қатысып, қайсарлық пен ерліктің ерен үлгісін танытқан болатын.



М.Мақатаевтың өлеңі «Бауыржан Момышұлына»

Иманғалиева Альфия 10-сынып

19-оқушы: Жолдас

«Жақсының аты өлмейді» демекші, елімізде де Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Елімізде батырдың ерлігін насихаттауға арналған орталықтар,мұражайлар жұмыс жүргізіп,кітаптар жазылып, көшелерге батыр атының берілуі де ердің атының ұмытылмайтындығының айғағы.

20-оқушы: Нұрсұлтан С

Сонымен қатар 2007 жылдан бері елімізде «Бауыржан Момышұлы» атындағы құрмет белгісі беріліп келеді.

21-оқушы:Нұрсұлтан.О

Батырдың 95,100 жылдықтарына орай «Батыр шапағаты» деген медаль беріліп жур. Бұл медальмен батырдың жақсы көретін күйлерін шебер орындаушы,жас күйші Мұрагер Саурамбаев марапатталды.

Хормен жүргізушілер:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.



(Бақытнұр өзінің шығарған өлеңін оқиды. «Бауыржан атаға»)

Ән «Менің елім»

Кітапханашы: Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп,артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңартып отыру-бүгінгі ұрпақтың парызы. Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, жүз ғасыр өтседе ел есінде сақталары сөзсіз. Қазақтың Бауыржандай дара да, дана да ешқашан ұмытылмақ емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет