Бұл науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз?
Жауабы: Постгемморагиялық теміртапшылықты анемия. Себебі, етеккірдің ұзақ келуі науқастың қанды көп мөлшерде жоғалтуына және берілген сидеропениялық синдром көріністері темірдің тіндік жетіспеушілігін көрсетіп тұр, яғни пероксидаза, цитохромоксидаза ферменттердің активтілігінің төмендеуімен, тері бозқылт, парарексия, әлсіздік. Ал АҚ қанның минуттық көлеміне тура пропорционал болғандықтан көлемнің төмендеуі қысымның төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Науқасқа қандай зерттеулер тағайындау керек?
Жауабы: Қанның жалпы анализі, ферритинге анализ. Қан анализінде: гемоглобин төмен, Эритроцитопения, гипохромия, қан сарысуында темірдің мөлшері төмендеуі. Ферритин мөлшері төмендеуі. Және эритроциттердің анизоцитоз, микроцитоз секілді морфологиялық өзгерістеріне әкліп соқтырады.
Бұл ауруды емдеудің негізгі принциптері қандай?
Жауабы: Медикаментозды ем: темір препараттар, темір глюконат, темір сульфаты.
ЖҚК жоғарылату үшін тұзды немесе коллоидты растворларды енгізу.
Есеп 15.Науқас Р., 45 жастағы әйел адам, шағымдары: алақан, қолдыңұсақбуындарындағы ауру сезімі. Тәңертеңгі уақыттарда буындары 2 сағаттай қозғалмай құрысып қалады. Ауырғанына 5-6 ай болған, соңғы кездерде ауру белгілері күшейе бастады. Объективті: қол басы буындары, яғни проксимальдық бунақаралық, алақан-бунақаралық буындары домбығып ісінген, қызарып тұр, пальпация жасап көргенде қатты ауырады, жергілікті темепературасы жоғарылаған, қимыл-қозғалыстары шектелген. Қолдары ауырып икемсіз болғандықтан, қолына ұстатқан заттарды ұстай алмайды. Білектердің жазғыш бетінде диаметрі 2 см тығыз эластикалық, ауырсынусыз, домалақтау келген тері асты түзілістері пальпацияланады.
Бұл науқаста қандай ауыру бар деп ойлауға болады?
Жауабы: Ревиатоидты артрит. Себебі, ревматоидты артрит кезінде қол басы буындары мен проксимальды буынаралық, алақан-буынаралық буындарында қабынудың айқын 5 белгісімен көрінеді. 5 белгісі: қызару, ісіну, жергілікті гипертермия, ауру сезімі, функция бұзылысы. Ал Р есімді пациентте дәл осы көріністерді айқын көріп тұрмын. Әрі азанғы құрысу сезімі 2 сағатқа созылса артритке күдіктенуге көрсеткіш.
Науқасқа қандай зерттеулер тағайындау керек?
Жауабы: ҚЖА-қанның жалпы анализі-лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылауы көрінеді.
Биохимиялық анализ: Ревматоидты фактор болуы.
Иммунологиялық зерттеу.
Аспаптық зерттеу: буындарды рентгендік зерттеу.
Бұл ауруды емдеудің негізгі принциптері қандай?
Жауабы: Медикаментозды емес емі: Курорттық ем, арнайы емдік жаттығулар, физиотерапия.
Консервативті ем: Қабынуға қарсы препараттар: ибупрофен, аспирин. Гормондық препарат-кортикостероидтар, антибиотиктер, иммуномодуляторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |