«Фармация» мамандығыүшін «Ішкі аурулар» пәні бойынша Емтиханның клиникалық есептері Есеп 1



бет1/20
Дата24.02.2022
өлшемі183,12 Kb.
#133075
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
медвеженок утиииии


«Фармация» мамандығыүшін
«Ішкі аурулар» пәні бойынша

Емтиханның клиникалық есептері

Есеп 1.Науқас К, 26 жаста, слесарь. Эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан соң пайда болатын ауру сезіміне, сода қабылдағаннан кейін басылатын түнгі ауырсынуға, қайталай беретін қыжылдау, кекіру, іш қатуға шағым айтады. Анамнезінде ішімдік ішу, көп темекі шегеді, диетаны ұстанбайды. Қарап тексергенде эпигастрий аймағында ауырсыну, осы аймақта оң жағынан көбірек бұлшықеттер аздап кернеуі бар.


1. Қандай ауру бар деп ойлайсыз?
2. Диагноздынақтылауүшінқандайзерттеуәдістеріқажет?
3. Бұлаурудыемдеудіңнегізгіпринциптеріқандай?
Жауабы:
1)12 елі ішектің ойық жарасы. 12 елі ішектің ойық жарасының басты қауіпті факторларының бірі: ішімдік ішу, диета ұстанбау және темекі шегу. Осы зиянды әдеттердің әсерінен ішектің қорғаныштық қызметі бұзылып ойық жара дамиды. Тамақ ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң ауырады деп тұр, бұл бізде кеш ауырсыну деп аталады. Сонымен қатар он екі елі ішектің ойық жарасында түнде, аш қарынға пайда болатын ауыру сезімі тән.
Науқастағы диспепсиялық құбылыстар - қыжылдау, кекіру, іш қату осы ойық жара ауруында жиі кездеседі. Кекірген кезде шіріген иіс шығады. Іш қату – нәжістің ұзақ уақыт бойы ішекте тұрып қалу салдарынан дамиды.
2) Бірінші объектівті зерттеуден бастаймыз. Науқастың түр әлпетіне қараймыз. Көбінесе науқастар арық келеді. Себебі ауыру сезімін болдырмас үшін тамақ ішуден бас тартады.
Сауалнама кезінде ауырсыну синдромының сипатын, оның тамақпен байланысын, қай кезде ауыратынын, қосымша қандай белгілері болатынын сұрастырамыз.
Пальпация жасап көреміз. Ішті пальпация жасаған кезде ауыру сезімі пайда болады.
Лабараториялық зертттеулер жасаймыз. Жалпы қан анализі, Жалпы зәр анализі, капограмма, биохимиялық зерттеулер. Капограммада меленаны көреміз.
Көрсеткіштер өзгермеуі мүмкін, анық немес жасырын қан кету кезінде анемия байқалады. Нәжісті жасырын қанға тексереміз. (Грегорсон, вебер реакциялары арқылы)
Аспаптық зерттеулерден. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) кезінде гистологиялық зерттеу үшін он екі елі ішектің тіндерінің биопсиясын жүргізуге болады. 12 елі ішектегі өзгерісті анықтаймыз.
Он екі елі ішектің шырышты қабығын эндоскопиялық зерттеу арқылы жараның орналасқан жері, пішіні, тереңдігі, көлемі және оның морфологиялық ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуымызға болады, қан кету мен тыртықтың өзгеруін анықтайды.
Рентген әдісі эндоскопиялық зерттеуді толықтырады. Контрастпен рентгендік зерттеу кезінде он екі елі ішектің қабырғасындағы ақауды көре аламыз, яғни тыртық барма жоқпа сол жайлы мәлімет аламыз(барийы бар қоспа жараға енеді және бұл рентгенограммада көрінеді), ішек стенозы, ойық жараның тесілуін анықтай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет