Фармакокинетика


Дәрілермен өзара әрекеттесуі



бет3/4
Дата18.09.2022
өлшемі95,56 Kb.
#149851
1   2   3   4
Байланысты:
бакуша 2

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қабынуға қарсы препараттар метотрексаттың бүйректік клиренсін төмендетіндіктен және олардың плазма ақуыздарымен байланысуын бұзатындықтан ацетилсалицил қышқылы мен метотрексатты аптасына >15мг дозада қолдануға болмайды.Ацетилсалицил қышқылын антикоагулянттармен (кумарин, гепарин) бірге қолданғанда тромбоциттер қызметінің бұзылуына және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты зақымдануына байланысты қан кету қатері арта түседі.Құрамында салицилаттар бар басқа да ҚҚСП үлкен дозада (тәулігіне3 > г) қолданғанда, өзара әсерлері күшейетіндіктен, ойық жаралы зақымданулар мен асқазан-ішек қан кетулері қатері артады.Урикозуриялық препараттармен (бензбромарон, пробеницид) қоса қолданғанда урикозуриялық (несеп қышқылының бүйрек арқылы бәсекелес шығарылуына байланысты) әсерінің төмендеуі байқалуы мүмкін.Ацетилсалицил қышқылы қан плазмасындағы дигоксиннің концентрациясын жоғарылатады.Ацетилсалицил қышқылының жоғары дозасы антидиабеттік препараттардың (инсулин, сульфонильмочевина препараттары) гипогликемиялық әсерін күшейтеді.Басқа да антиагрегатты/тромболитикалық препараттармен (тиклопидинмен) үйлестіре тағайындағанда кан кету қатері арта түседі.Ацетилсалицил қышқылын тәулігіне > 3 г дозада диуретиктермен бірге қолданғанда шумақтық сүзілу үрдісі (бүйректе простагландиндер синтезінің азаюына байланысты) төмендейтіні анықталған.Жүйелік глюкокортикоидтар (Аддисон ауруы кезінде орын басатын ем ретінде қолданылатын гидрокортизоннан басқасы) қан плазмасындағы салицилаттардың концентрациясын төмендетеді, бұл глюкокортикостероидтармен емдеуді тоқтатқаннан кейінгі артық дозалану қатерін арттырады.Тәулігіне > 3г дозасындағы ацетилсалицил қышқылы мен ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін үйлестіре қабылдау аясында АӨФ тежегіштері шумақтық сүзілуінің төмендеуі байқалады, бұл олардың антигипертензивті әсерінің азаюымен ілесе жүреді.Ацетилсалицил қышқылы вальпрой қышқылының уытты әсерін күшейтеді.Алкоголь қан кету уақыты мен ацетилсалицил қышқылының АІЖ шырышты қабатына зақымдаушы әсерін ұлғайтады.Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттардың (кристаллурия қатерін арттырады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиннің концентрациясын жоғарылатады, ішу арқылы қолданатын контрацептивтердің әсерін төмендетеді.Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін төмендетеді.Темір препараттарының ішектегі сіңуін жақсартады.Этил спиртінің жалпы Cl ұлғайтады.Хинолин қатарының препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ қолданғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.Айрықша нұсқауларАцетилсалицил қышқылы бронх демікпесі ұстамасын немесе басқа да аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін. Мұндай қатердің факторлары сыртартқысында бронхтық демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы, тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары, сондай-ақ басқа препараттарға деген аллергиялық реакциялардың болуы деп саналады (мысалы, қышыну, есекжем, басқа да тері реакциялары).Ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуге қабілеттілігі хирургиялық араласу уақытында және одан кейін көп қан кетуге әкелуі мүмкін (тіпті аздаған араласулардың өзі, мысалы тісті жұлу). АСҚ жоғары дозада қолданған жағдайда қан кету қатері арта түседі.Ацетилсалицил қышқылы төменгі дозада несеп қышқылының экстракциясын төмендетеді, бұл экскрециясы бастапқы деңгейі төмен подаграға бейім емделушілерде подагра жедел ұстамасының орын алуына себеп болуы мүмкін.Препараттың бір дозасында 933 мг натрий бар, сондықтан тұзсыз емдәм ұстанып жүрген емделушілердің мұны ескергені дұрыс.Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктеріӘсер етпейді Симптомдары: құлақтың шуылдауы, нашар естуді сезіну, бас ауыруы, вертиго. Кейіннен қызба, гипервентиляция, кетоза, респираторлық алкалоз, метаболикалық ацидоз, кома, қантамырлық жеткіліксіздік, тыныс алу жеткіліксіздігі және айқын гипогликемияның дамуы мүмкін.Емі: құстырту немесе асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір және іш жүргізгіштерді тағайындау керек. Емдеуді бұдан әрі мамандандырылған бөлімшелерде жүргізген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет