Фармакокинетика


Қолдану тәсілі мен дозалары



бет2/4
Дата18.09.2022
өлшемі95,56 Kb.
#149851
1   2   3   4
Байланысты:
бакуша 2

Қолдану тәсілі мен дозалары Ішке қабылданады. Көпіршитін таблеткаларды бір стақан суға ерітіп ішу керек. Ауыру синдромы әлсіз және орташа деңгейде және қызба жағдайында ересектерге 4-8 сағат аралықпен бір реттік доза 1-2 көпіршитін таблетканы, ең жоғары бір реттік доза 2 көпіршитін таблетканы құрайды; тәуліктік ең жоғары доза 10 көпіршитін таблеткадан аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпесі, анафилактикалық реакциялар, бронхтың түйілуі, Квинке ісінуі

  • диарея, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, тәбеттің төмендеуі; асқазан-ішектен қан кету («кофе қоюы» типті құсу, қара «қарамай секілді» нәжіс), бауыр жеткіліксіздігі

  • геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы), қан ұю уақытының ұлғаюы, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы

  • етеккір циклінің ұзаруы

  • Рейе/Рея синдромы (үдемелі энцефалопатия: жүрек айну және іркілусіз құсу, тыныс алудың бұзылуы, ұйқышылдық, құрысулар; бауырдың майлы инфильтрациясы, гипераммониемия, АСТ, АЛТ деңгейінің жоғарылауы)

  • интерстициальді нефрит, қандағы креатининнің жоғарылауымен және гиперкальциемиясы бар преренальді азотемия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром

  • несеп шығару жүйесі жағынан болатын бұзылыстар (оксалатты, цистинді және/немесе уратты тастардың түзілуі)

  • ұйқы безі инсулярлық аппаратының бәсеңдеуі, глюкозурия, гликоген синтезінің бәсеңдеуі

Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болған кезде, препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- АСҚ-ға, басқа да салицилаттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы зақымдануы
- геморрагиялық диатез, геморрагияларға бейімділік, қанағыштықтың артуы, қан ұюдың бұзылуы (гемофилия, Виллебранд ауруы, телеангиоэктазиялар, К витамині тапшылығы, тромбоцитопения)
- салицилаттарды немесе ҚҚСП қабылдаудан кейін пайда болған бронх
демікпесі
- метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан да көп дозада біріктіріп қолдану
- жүктілік және лактация кезеңі
- антикоагулянттармен қатар емдеу
- Рейе синдромы даму қатеріне байланысты (энцефалопатия және жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуымен бауырдың жедел дамитын майлы дистрофиясы) вирус жұқпаларынан туындаған жедел респираторлық аурулары бар 16 жасқа дейінгі балалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет