Фармакокинетика



бет1/4
Дата18.09.2022
өлшемі96,08 Kb.
#149850
  1   2   3   4
Байланысты:
Бакуша 1


Фармакокинетика Ацетилсалицил қышқылын ішке қабылдағанда асқазан ішек жолынан жылдам сіңеді. Асқазанда тамақтың болуы ацетилсалицил қышқылының сіңуін елеулі түрде өзгертеді.Ацетилсалицил қышқылы организмнің көптеген тіндері мен сұйық орталарына жақсы тарайды. Гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы өтеді.Бауырда соңынан глицинмен немесе глюкуронидпен конъюгациялану арқылы салицил қышқылын түзе отырып, гидролиздену жолымен метаболизденеді. Салицил қышқылының 80% жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.Ацетилсалицил қышқылының Т1/2 шамамен 15 минут, салицил қышқылынікі - 3 сағатқа жуық уақытты құрайды. Салицил қышқылы түрінде негізінен бүйрекпен шығарылады.Аскорбин қышқылы ішке қабылдағаннан кейін натрийге тәуелді тасымалдау жүйесінің қатысумен аш ішекте сіңеді; сіңуі мен енгізілген доза арасында пропорционалдық жоқ. Ішке қабылдағаннан кейін Сmax 4 сағаттан кейін жетеді.Лейкоциттерге, тромбоциттерге, мұнан соң – бүкіл тінге жеңіл енеді, гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрекүсті безінің қыртысында, бауырда, мида, өкпеде, ішек қабырғаларында, жүректе, бұлшық еттерде, көк бауырда, ұйқы безінде жиналады. Көбінесе бауырда метаболизденеді. Аскорбин қышқылының негізгі метаболиттері несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) тобына жатады әрі оның ауруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Әсер ету механизмі ЦОГ - простагландиндер ізашары болып саналатын арахидон қышқылы метаболизмі негізгі ферментінің белсенділігін бәсеңдетумен байланысты, бұл қабыну патогенезінде, ауыру мен қызбада басты рөл атқарады.Ацетилсалицил қышқылының ауруды басатын әсері қос механизмге негізделген: шеткергі (жанама түрде, простогландиндердің синтезін басу арқылы) және орталықтан (орталық және шеткергі жүйке жүйесінде простагландиндер синтезін тежеу арқылы) әсер ету.Простагландин өнімдерінің азаюына байланысты олардың жылу реттейтін орталыққа қатысты әсері төмендейді.Тромбоксан А2-нің тромбоциттерде синтезінің қайтымсыз бұзылуы ацетилсалицил қышқылының антиагрегаттық әсеріне себепші болады.Артық дозада қолданған кезде ацетилсалицил қышқылы бауырдағы протромбин синтезін тежеп, протромбиндік уақытты ұлғайтуы мүмкін.Аскорбин қышқылы - суда еритін витамин, ол тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуде, көмірсу алмасуында, қан ұюында, тіндердің жаңаруы кезінде, ағзаның ауруға қарсы тұра алу қасиеттерін арттыруда маңызды рөл атқарады.Аскорбин қышқылы ағзаны бос радикалдар және басқа да оксиданттардың зиянды әсерінен қорғайтын жүйенің бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ қабыну үдерістері кезінде және лейкоциттердің әсер ету механизімінде маңызды рөл атқарады.Аскорбин қышқылы жасушаішілік мукополисахаридтердің синтезі үдерісінде маңызды рөл атқарып, коллаген талшықтарымен қатар қылтамыр қабырғаларының беріктігін қамтамасыз етеді.
Қолданылуы

  • ересектер арасында әртүрлі себептерден туатын ауыру синдромында (бас ауыру, тіс ауыру, тамақ ауыру, бас сақинасы, бұлшық ет және буын ауыруы, арқаның ауыруы, етеккір кезіндегі ауырулар)

  • тұмау мен басқа да жұқпалы - қабынбалы аурулар кезінде ересектер мен 16 жастан асқан балалардың дене температурасы көтерілгенде.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет