4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Витаминдердің және витамин тектес қосылыстардың жіктелуі.
Суда еритін витаминдердің қолданылуы, олардың коферменттері, жанама әсерлері.
В тобына жататын витаминдердің зат алмасу үрдісінде алатын орны, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамалары.
Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсерлері.
Коферментік препараттардың әсер ету ерекшеліктері жанама әсерлері.
Майда еритін витаминдер, қолданылуы, олардың жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері.
Ретинол, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.
Д тобының витаминдері, олардың фосфор және кальций алмасуына әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.
Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы, препараттардың фармакодинамикасы, антиоксиданттық қасиеттері.
К витаминінің препараттары, фармакодинамикасы, қан ұюына әсерлері.
Филлохинононың синтетикалық орын басушылары – викасол, оның әсерлерінің ерекшеліктері.
Витаминтәріздес қосылыстар (кофакторлар), карнитин, орот және липой қышқылдарының фармакодинамикасы, қолдануға көрсетулері.
Биофлавоноидтар, алыну көздері, негізгі фармакологиялық әсерлері.
Антивитаминдердің жіктелуі және қолданылуы.
Витаминдік жетіспеушілік, олардың даму себептері.
Гипервитаминоз жөнінде түсінік. Витаминдік препараттармен улану.
5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, тесттік тапсырманы орындау, жағдайлық есепті шешу, рецепттерді талдап жазу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қортытындылау, рецепттерді талдап жазу, бірреттік дозасын есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |