Тест №10 Кромолин натрийдің механизмі:
Гистаминдік рецепторларды тежейді
Серотониндік рецепторларды тежейді
Мес жасушаларының мембраналарын тұрақтандырады
Лизосомальды мембраналарды тұрақтандырады
Лейкоциттердің мембраналарын тұрақтандырады
Ескерту:жауаптар эталондары оқытушының қолында.
№21 сабақ
1. Тақырыбы: «Жүрек қан тамыр жүйесіне, иммундық және зат алмасу үрдістеріне әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. 2.Мақсаты: Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, әртүрлі патологиялық жағдайларда препаратты рационалды таңдау.
3. Оқытудың міндеттері: Берілген тараудың теориялық матераилдарын қорытындылау.
Әртүрлі патологиялық жағдайларда топ препараттарын дұрыс таңдап үйрену.
Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың қарсы көрсетпелері, қолдануға көрсетпелер және жанама әсерлері.
Топтың негізгі препараттарына рецепт жаза білу.
4. Сабақтың өткізілу түрі.Тақырып сұрақтарына ауызша жауап, тест тапсырмалын орындау, рецептке талдау жасау.
5. Тақырып бойынша тапсырма. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Витаминдер және витамин тәрізді заттардың жіктелуі, алыну көздері. Витамин және коферменттердің арнайы және арнайы емес әсері.
Антивитаминдер, жалпы сұрақтар.
Суда еритін витаминдер. Қолданылуы. Жанама әсері.
Майда еритін витаминдер. Қолданылуы. Жанама әсері.
Коферментті препараттар, әсер ету ерекшелігі.
Лейкопоэзге әсер ететін заттар (Лейкопоэзді ынталандыратын) препараттарын салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.
Стероидты қабынуға қарсы заттарға сипаттама беру.
Аллергиялық реакциялардың жедел және баяу дамитын түрлерінде қолданылатын препараттар.
Иммуностимуляторлар, иммуномодуляторлар және иммунодепресссанттарды атаңыз.
Жүрек гликозидтерінің жіктелуі.
Жүрек гликозидтерінің алыну көздері. Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы, қолданылуы.
Жүрек гликозидтерімен улануға алып келуші жағдайлар, жүрек гликозидтерімен улануды емдеу.
Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын заттардың жіктелуі.
Стенокардия ұстамасын емдеуде және алдын алуда қолданылатын негізгі топ препараттары.
Органикалық нитраттарға сипаттама.
Миокард инфарктын емдеудің негізгі ұстанымдары.
Антигипертензивті заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі. Орталық және шеткі әсерлі нейротропты заттардың әсер ету ұзақтығы.
Ренин ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттардың ерекшеліктері.