1.8.Байланыс ақпараты: кафедраның орналасу орны: Мекен жайы: Алматы қ., Төлеби көшесі 92, анатомиялық корпус, 2 қабат
Жұмыс телефоны: : 8(3272) 92-68-18(кафедра меңгерушісі), 292-17-96 (қосымша 287 және 226)
1.9. Пәннің ұстанымдарыретті және бағытталған оқу үрдісіне негізделеді. Оқытушылар студенттерге медициналық ЖОО- на сәйкес жалпы оқу принциптерінің талаптарын қоюға негізделген.
1. Міндетті түрде дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға қатысуы керек.
2. Студент сабаққа кешікпеуі керек.
3. Сабақты белгілі бір себептерсіз жіберуге болмайды.
4. Таза , үтіктелген ақ халаты болуы тиіс.
5. Оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет (теориялық материалды дайындау, тест тапсырмаларын және жағдайлық есептерді шешу, тақырыпқа байланысты өздігінен рецепт жаза білу).
6. Тест тапсырмаларын, жағдайлық есептерді шешу, талаптарға сәйкес белгіленген уақытында тақырыптық жоспар бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау, тақырыпты қорғау және оларды тапсыру.
7. Міндетті түрде қалыптары әр түрлі 2 СӨЖ орындауы қажет.
8. Тақырыптық жоспарына сәйкес аралық бақылауларын тапсыру.
9. ПОҚ және студенттерге сыйластық қатынаста болу.
10.Студенттің атқаратын жұмыстарын тіркейтін жеке күнделігі болуы тиіс.
11. Түсініксіз жағдайлар кафедра немесе оқу бөлімінің меңгерушісінің қатысуымен топтарда ашық талқыланады.
12.Практикалық сабақты белгісіз себептермен жіберген, барлық аралық бақылауды тапсырмаған және семестрде 50% баллдан төмен жинаған студенттер емтиханға жіберілмейді.