2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері: Студент білуі қажет:
фармакология пәнінің фармакологиялық терминологиясын және міндеттерін;
дәрілік қалыптар, дәрілік препарат, дәрілік зат жөнінде түсінік;
халықаралық, патенттелмеген негізгі өмірге маңызды, жедел-жәрдем көмегі кезінде қолданатын дәрілік заттар атауларын,
дәрілік заттардың жіктелуін;
дәрілік заттардың фармакокинетикасының және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;
медицинада, оның ішінде дәрігер-стоматолог тәжірибесінде негізгі қолданылуын;
ағзаның жеке күйінің ерекшеліктеріне, аурудың жағдайына және препараттың қасиетіне байланысты медицина тәжірибесінде, соның ішінде стоматологияда мөлшерлеу тәртібін және принципін;
рецепт, рецепттің қүрылымы және әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазудың жалпы принциптерін меңгеруді және рецепт құрастыруды, соның ішінде стоматологияда қолданылуын;
дәрілік заттармен шақырылатын жағымсыз және жанама әсерлер, олардың алдын-алу және пайда болған кезде жою жолдары;