Рецепте жазуға арналған препараттар тізімі: оксолин жағылмасы, ацикловир, ремантадин, интерферон, нистатин, кетоконазол, тербинафин (ламизил)
7. Бақылау:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
2. Вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы заттар негізінде рецепті талдаумен жазу. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін және жанама әсерлерін көрсету.
3. Тестік тапсырмаларды орындау.
Тест тапсырмалары
Тест № 1
Саңырауқұлаққа қарсы полиенді антибиотиктердің әсер ету механизмі :
1.Эргостерол синтезінің тежелуі
2.Бета-лактамаза ферментінің қайтымсыз тежелуі
3.Цитоплазма мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы
4.Фосфодиэстеразаның тежелуі, цАМФтің жиналуы
5.Кері транскриптазаның тежелуі
Тест № 2
Саңырауқұлаққа қарсы заттарды бөліңіз: азол туындылары (А), аллиламиндер (Б), полиен қатарының антибиотиктері (В):
1.Тербинафин (Ламизил)
2.Кетоконазол (Низорал)
3.Амфотерицин В
4.Флуконазол (Дифлюкан)
5.Нистатин (Микостатин)
Тест № 3
Толықтырыңыз. Тербинафин – Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік зат ________________– туындысы (А), ___________________ қолданылады (Б).
А. 1. имидазол Б. 1. дерматомикозда
2. N-метилнафталин 2. кандидамикозда
3. антибиотиктер 3. Терең жүйелік микоздарда
Тест № 4
Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер:
1. стрептомицин, канамицин
2. нистатин, амфотерицин Б, гризеофульвин
3. тербинафин (ламизил), кетоконазол
4. дексаметазон, гидрокортизон
5. тетрациклин, доксициклин
Тест №5
Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы заттар:
1. стрептомицин
2. тетрациклин, доксициклин
3. тербинафин (ламизил), кетоконазол
4. гентамицин, амикацин
5. нистатин, амфотерицин Б, гризеофульвин
Тест № 6
Ұшықты емдеу үшін қолданылатын вирусқа қарсы заттар
1.Ацикловир
2.Валацикловир
3.Фоскарнет
4.Идоксуридин
5.Флуконазол
Тест № 7
Тұмаудың алдын алу үшін қолданылатын препараттар
1.Ремантадин
2.Ацикловир
3.Оксолин
4.Интерферон
5.Азидотимидин
Тест № 8
Сәйкестендіріңіз
Вирусқа қарсы заттар Препараттар
А – тұмаудың алдын алу үшін 1. Идоксуридин
Б – Ұшықты емдеу үшін 2. Ацикловир
В – әсер спектрі кең 3. Интерферон
4. Оксолин
5. Арбидол
Тест № 9
ЖИТС-ті емдеу үшін қандай препарат қолданылады
1. оксолин
2. ремантадин
3. азидотимидин
4. идоксуридин
5. арбидол
Тест №10
Арбидолдың вирусқа қарсы әсер спектрі:
1.жай ұшық вирусы
2.белдемелі теміретке вирусы
3.әсер спектрі кең
4.вирусты гепатит қоздырғышы
5.А және В тұмауының вирусы
Достарыңызбен бөлісу: |