Фармакология кафедрасы



бет257/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Жағдайлық есептер
Тақырыбы: «Жалпы фармакология»
1. Травма алған науқастың жарақатының шеттерін 10% йод ерітіндісімен өңдеді. Препараттың терімен жанасқан жерінде теріде күйік тәрізі күлдіреу пайда болды. Йодқа деген жоғары сезімталдықты қалай түсіндіруге болады және қандай терминмен белгіленеді?
2. Дәрігер науқастың морфинмен уланғанын анықтап, асқазанын және ішектерін шаюды активтелген көмірді қосып жүргізді. Бұл емді жүргізудің негізінде не жатыр, қандай терминмен белгіленеді?
3. Операция алдында науқасқа ауыру сезімін басу үшін 1%-1 мл морфин гидрохлориді ерітіндісін енгізді. Содан кейін науқасқа наркоз берілді. Дәрілік заттың әсері қандай бағытта өзгереді?
Жағдайлық есептердің жауаптары:
1. Идиосинкразия
2. Антидоттық терапия
3. Синергизм


Тақырыбы: «Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар»

  1. Жедел жәрдем дәрігерімен кардиология бөлімшесіне аритмиясы бар науқас келіп түсті. Анамнезінен науқастың көп жылдар бойы жүрек жетіспеушілігімен ауыратыны және жүрек гликозидтерін қабылдап жүргені анықталды, соның нәтижесінде жүрек ырғағының бұзылыстары дамыған. Кардиолог жергілікті анестетиктер тобынан аритмияға қарсы қарсы препарат тағайындады. Осы жағдайда қандай препарат тағайындалды? Бұл препараттың аритмияға қарсы әсер механизмін түсіндіріңіз.

  2. Саусағының күбірткесі бар науқасқа терінің қабаттарына новокаин ертіндісін енгізу арқылы жарасын өңдеу жасалды. Өңдеуді аяқтағаннан кейін хирург науқасқа сульфаниламидті препаратты тағайындады. Дәрігер қандай қате жіберді?

  3. Миалгиясы бар науқасқа дәрігер ішкі ағзалардың трофикасын жақсарту және аурусындырмау үшін препарат тағайындады. Қай топтың дәрілік заты тағайындалды?

  4. Хирург ауырсынуды азайту үшін ойық жараның бетіне себетін ұнтақ түріндегі жергілікті анестезиялаушы затты тағайындады. Қай топтың препараты тағайындалды?

  5. «Тік ішектің жарылуы» диагнозы бар науқасқа ауыру сезімін төмендету мақсатында супозитори түрінде дәрілік зат тағайындалды. Қандай препарат тағайындалды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет