МАМАНДЫҚ: СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРА: ФАРМАКОЛОГИЯ 1.3.ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
КУРС: 3
ПӘН:Фармакология
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Кафедраның ПОҚ
2012 ж. Кафедра мәжілісінде бекітілген
№ _________хаттама “____” ____________2012 ж.
Бекітілген
каф. мең., профессор Г.М.Пичхадзе
№1 дәріс
1. Тақырыбы: «Фармакологияға кіріспе». : Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы. 2. Мақсаты: Жалпы жүйеде дәрігерді дайындауда фармакологияның орнын және маңызын, сонымен қатар оның даму тарихын, жетістіктерін және алдына қойылған мақсатын анықтау және студенттерді дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарымен таныстыру.
3. Дәрістің тезисі:
Фармакология - (pharmacon- дәрі, белсенді бастама және logos – сөз, оқып үйрену) – дәрілік зат ретінде қолданылатын химиялық қосылыстардың тірі ағзамен өзара әсерлесуі, және де жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестіру жолындағы ғылым.
Жаңа дәрілік заттарды іздестірудің негізгі бағыттары;
Препараттарды химиялық жолмен синтездеу:
А. Эмпериялық жол: 1) Кездейсоқ табылу, 2) «Іріктеу»;
Б. Бағыттап синтездеу: 1. биогенді заттарды жасау; 2. антиметаболиттерді түзу.
3. биологиялық белсенділігі белгілі қосылыстардың молекуласын модификациялау;
4. ағзада заттардың химиялық өзгеріске ұшырауын зерттеуге енгізделген синтез.
В. Кванттық механикалық есептеу көмегімен жаңа дәрілік заттарды компьютермен моделдеу жолы.
2. Дәрілік шикі заттардың препараттарды алу және жеке заттарды бөліп алу: 1) Жануар тектес, 2) Өсімдік тектес, 3) Минералдардан.
3. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің тіршілік қызметі өнімдерінен дәрілік заттардың бөлініп алынуы.
4. Дәрілік заттардың биотехнология көмегімен алу (жасушалық және гендік инженерия).
Фармакология екі бөлімнен тұрады: фармакокинетика және фармакодинамика.
Фармакокинетика дәрілік заттардың енгізілу жолдары, сіңуі, ағзада таралуы, метаболизмі және шығуы жөнінде фармакологияның бөлімі.
Фармакодинамика дәрілік заттардың биологиялық әсері, олардың әсер ету орны және механизмі жөнінде фармакологияның бөлімі:
Дәрілік заттарды енгізу жолдары: 1. Энтеральды – АІЖ арқылы: пероральды (per OSS), сублингвальды (тіл астына), ұртқа (трансбуккальды), тік ішекке (per rectym), 12 елі ішекке (per duodenum); 2. Парентеральды – АІЖ – тыс: А) егу (инъекциялық), Б) инъекциялық емес: теріге және шырышты қабатқа жағу, тыныс жолына бүрку, электрофорез т.с. сіңудің негізгі механизмі: жәй диффузия: а) жәй диффузия: пассивті диффузия, сүзілу; б) жеңілдетілген диффузия, в) белсенді тасымалдау, г) пиноцитоз.
Дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауының негізгі екі түрі бар: метоболиттік трансформация және конъюгация. Дәрілік заттардың ағзадан шығуының негізгі жолдары – зәрмен және өтпен (нәжіспен) және т.б.
Дәрілік заттар үшін нысаналар – рецепторлар, иондық каналдар, ферменттер, тасымалдаушы жүйелер, гендер.
Дәрілік заттардың ішкі белсенділігінің болуына байланысты оларды бөледі: агонистерге, антагонистерге және агонист – антогонистерге. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және жанама; жалпы және таңдамалы; негізгі және жағымсыз; қайтымды және қайтымсыз; емдік және уытты әсерлер және т.б.
Фармакокинетика және фармакодинамикаға әсер ететін факторлар:
дәрілік заттардың қасиетімен және олардың қолданылу ерекшеліктерімен негізделген факторлар;
ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен және функционалдық жағдайымен (негізделген ішкі факторлар) факторлар.
сыртқы ортаның әсер етуінен болатын факторлар.