Фармакология кафедрасы



бет32/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

4. Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)


5. Әдебиеттер:
Негізгі.
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-ші бас –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – б.189-208
3.Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.б.91-98
4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық.. Москва. «ГЭОТАР-МЕД». 2004. б. 192-203.
Қосымша.
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. 1206 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-ші басылым: оқу құралы – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
3. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000. – 740 б.
4.Кудьярова Г.М. және т.б. Опийная наркомания. Алматы, 2002.
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Наркотикалық анальгетиктердің қолдануға көрсетілулері.
3. Наркотикалық анальгетиктер қандай жанама әсерлер шақыру мүмкін?
4. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қандай шаралар қолданады?

6 Дәріс


1. Тақырыбы: «Микробқа қарсы заттар. Антисептикалық және дизенфекциялаушы заттар».
2. Мақсаты: Студенттерді антисептикалық және дизенфекциялаушы заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмімен және препараттардың сипаттамаларымен таныстыру.
3. Дәріс тезисі
Антисептиктер – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында теріні, шырышты қабықты, жара бетін және дене қуыстарын (әдетте, сыртқы ортамен жанасатын) зазалсыздандыру үшін қолданылатын заттар. Яғни, адамның жабындыларын микробтардан деконтаминациялау үшін қолданылатын заттар.
Дезинфекциялаушы заттар – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмедегі, киім-кешектегі, науқастың күтетін заттардағы, жұқпалы аурумен ауырған науқастың бөлінділерін т.с.с) микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын заттар. Яғни, сыртқы ортаның нысандарын таңдамалы түрде деконтаминациялау үшін (инфекция көзінен қабылдағыш ағзаға қоздырғыштың берілуі жолын үзу мақсатында) қолданылатын дәрілік заттар.
Антисептиктерді әдетте жабын тіндерге (теріге, шарышты қабаттарға) сыртқа жағуға пайдаланылады. Кейбір антисептиктерді асқазан-ішек жолында ж/е зәр шығару жолдарында орналасқан микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылады. Олар концентрациясына байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидтік әсер етеді. Дезинфекциялаушы заттар медициналық құрал-жабдықтарды, аппараттарды, бөлмелерді, науқастың бөлінділерін ж/е пайдаланған ыдыстарын залалсыздандыруға қажет. Олар бактерицидтік концентрацияда инфекция таралуының алдын алуға қолданылады. ЖІКТЕЛУІ (алу жолы, химиялық құрылысы, әсер ету механизмі бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет