Фармакология кафедрасы


Рецепт жазуға арналған препараттар



бет78/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз

Рецепт жазуға арналған препараттар: амитриптилин, кофеин, мезокарб.
7.Тексеру:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау
2. Негізгі психозға қарсы заттарға, транквилизаторларға, тыныштандырғыш заттарға рецепт жазып оны талдау. Талдау барысында қандай топқа жататынын, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлерін көрсету.
3. Тапсырманы тесттік түрде орындау
Ескерту: тесттік сұрақтардың жауаптары оқытушыда
Тесттік тапсырмалар
Тест №1
Бас ауруы кезінде ішке қабылдауға болатын, наркотикалық емес анальгетиктермен жұптастырылып қолданатын психостимулятор:

  1. Кофеин.

  2. Мезокарб.

  3. Амфетамин (фенамин).

  4. Имизин.

  5. Кордиамин.

Тест №2
Тамырлардың тонусына екі түрлі әсер ететін – орталық әсеріне байланысты тамырларды тарылтатын және шеткі әсеріне байланысты тамырларды кеңейтетін психостимулятор:

  1. Кофеин

  2. Мезокарб

  3. Фенамин

  4. Имизин

  5. Моклобемид

Тест №3
Ауру сезімімен жүретін стоматологиялық кірісулер салдарынан пайда болған шок немесе коллапс кезінде жедел көмек үшін қолданатын препарат:

  1. Мезокарб

  2. Имизин

  3. Кофеин

  4. Моклобемид

  5. Дезипрамин

Тест №4
Психостимуляторларды қолдануға негізгі көрсетулер болып табылады, біреуінен басқасы:

  1. Физикалық және ақыл оймен жұмыс істеуден шаршау

  2. Гипотензия

  3. Нарколепсия (патологиялық ұйқышылдық)

  4. Астения құбылысымен сипатталатын невротикалық бұзылыстар

  5. Депрессия



Тест №5
Антидепрессанттарға төменде көрсетілген препараттар жатады, біреуінен басқасы:

  1. Имизин

  2. Амитриптилин

  3. Моклобемид

  4. Флуоксетин

  5. Мезокарб

Тест №6
Ұзақ уақыт бойы психостимулдеуші заттарды қолданғанда пайда болуы мүмкін:

  1. Бейімделу

  2. Психостимуляторлық әсерге сезімталдықтың жоғарылауы

  3. Дәріге психикалық тәуелділік даму

  4. Экстрапирамидтік бұзылыстар

  5. Дәріге физикалық тәуелділік даму

Тест №7
Психостимуляторларға төменде көрсетілгендер әсерлер жатады, біреуінен басқасы:

  1. Көңіл күйдің жоғарылауы

  2. Психомоторлық белсенділіктің жоғарлауы

  3. Ақыл оймен және физикалық жұмыс істеу қабілетінің жоғарылауы

  4. Артериялық қысымның жоғарылауы

  5. Бронхтар тонусының жоғарылауы

Тест №8
Тежегіш әсер көрсететін антидепрессанттарға жатады:

  1. Имизин

  2. Амитриптилин

  3. Моклобемид

  4. Пиразидол

  5. Мапротилин

Тест №9
МАО ның қайтымды тежегішіне жататын антидепрессант:

  1. Кофеин

  2. Моклобемид

  3. Флуоксетин

  4. Имизин

  5. Амитриптилин

Тест №10
Үшциклды антидепрессанттардың антидеперссивті әсері байланысты:

  1. Моноаминдердің қайта ұсталуының тежелуіне

  2. Орталық М-холинорецепторлардың тежелуіне

  3. Моноаминдік рецепторларға тікелей тежегіш әсер көрсетуіне

  4. МАО белсенділігінің тежелуіне

  5. Орталық адренорецепторлардың тежелуіне

13 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет