Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар



бет30/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2
ÏÑÒÕ, 1! Êàíäèíñêèé-Êëåðàìáî ñèíäðîìûíà ò?í ñàíäûðà? ìåãàëîìàíèÿëû?, 13 БИЛЕТ, «?àçà? ?äåáèåò³» ï?í³íåí 4-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó òàïñûð
Химиялық құрылысы бойынша:
Диоксиаминофенилпропан туындысы - левомицетин.
Әсер ету механизмі бойынша:
Рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзатындар
Қолдану ретіне қарай:Резервті
Спектрі бойынша:кең спектрлі
Төзімділік баяу дамитын антибиотиктер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз:
Левомицетиннің микробқа қарсы әсері механизмі 50S суббірлікпен байланысыр рибосомаға әсер етіп белок синтезін тежеуімен байланысты.
Пептидилтрансферазаны тежейді.Бұл механизм бактериостатикалық әсермен жүреді.Левомицетинде микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу жүреді.Жоғары концентрацияда бактерицидтік әсер көрсетеді.

116. Макролидтер тобынан әсер ету спектрі кең емес антибиотик. Жасушаның ішіне жақсы енеді, үлкен концентрацияда фагоциттерде жинақталады. Тұрақтылық тез дамиды, резервтегі антибиотиктерге жатады. Жанама әсерлер-сирек, негізінен диспепcиялық бұзылулар, аллергиялық реакциялар.


1.Препаратты анықтаңыз: Эритромицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз: Макролидтер–құрылымында макроциклдік лактонды сақинасы бар антибиотиктер
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз:Эритромициннің әсер ету механизмі бактериялардың рибосомасы деңгейінде жасуша ішілік белок синтезін тежеуге негізделген

117.Пенициллин тобының антибиотигі. Пенициллиназамен бұзылады. Ұзақ әсер етеді (4 апта). Айына 1 рет суспензия түрінде бұлшықетке енгізіледі Негізгі қолдану көрсеткіші – ревматизмнің алдын алу.


1.Препаратты анықтаңыз: Бициллин-5
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз: Пенициллиндер - Биосинтетикалық пенициллиндер - Ұзақ уақыт әсер ететіндер тобына жатады
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Оның құрамындағы 6-аминопенициллан қышқылы бактерияның клеткалық қабықшасын (пептидогликанды) жояды

118. Бірінші буындағы антибиотикалық аминогликозидтерге жатады. Жоғары уытты препарат. Жара инфекцияларында, флегмоналарда, абсцесстерде тек сыртқа қолданылады, глюкокортикоидтар бар құрамдастырылған жақпа май құрамына кіреді.


1.Препаратты анықтаңыз: Неомицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз: Амингликозидтер тобындағы 1-буынға жатады (1-поколения)
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Клеткадағы ақуыз синтезін бұзады. Амингликозидтер бактерия жасушаның рибосомасындағы 30S-суббірлікпен, рибосоманың матрицалық РНК бойымен жүруін тоқтады. мРНК код оқылуын бұзып, активтенбеген ақуыз түзілуіне әкеледі

119.Антибиотик, стафилококктарға (пенициллиназды өндірмейтін), стрептококктарға, пневмококктарға, менингокктарға, гонококтарға, күйдіргі таяқшаларға және трепонемаларға қатысты белсенді. Негізгі жанама әсері-аллергиялық реакциялар, тіпті анафилактикалық шокқаа дейін апарады.


1.Препаратты анықтаңыз: Бензилпенициллин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз: Пенициллиндер - Биосинтетикалық пенициллиндер топшасы
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Оның құрамындағы 6-аминопенициллан қышқылы бактерияның клеткалық қабықшасын (пептидогликанды) жояды

120. Азалидтер тобының өкілі. Спектрі мен белсенділігі бойынша эритромицинге жақын. Әсер ету қзақтығы 24 сағат. Тәулігіне 1 рет қабылдайды. Жақсы сіңіріледі, емдік әсері тоқтатылғаннан кейін 5 тәулік бойы сақталады. Эритромицинге және басқа макролидтерге аллергия кезінде қолдануға болмайды.


1.Препаратты анықтаңыз: Азитромицин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз: Азалидтер тобына жатады
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет