Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар



бет1/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2


Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс
ІІ.Ахуалдық тапсырмалар:

1. Операциялық журналдағы науқастарды ауруханадан шығару қағаздары талдаңыз. К. науқасқа аппедэктомия жасалған. Анестезия алдында 0,25%-500 мл Лидокаинның стерильді ерітіндісіне Х ертіндісі 0,1%-1 мл көлемінде асептикалық жағдайда қосылды және анестетик ертіндісі қабат-қабат енгізу арқылы жансыздандырылды.


1.Қандай зат қосылды?Адреналин гидрохлориді
2.Ол қандай фармакологиялық топқа жатады?Адреномиметикалық препараттардың ішінде, Альфа және Бетта адренорецепторларды ынталандыратындар тобына жатады.
3.Оны қандай мақсатты қосқанын түсіндіріңіз:адреналинді енгізген аймақтың тамырларының тарылуы жергілікті анестезияны күшейтіп, олардың резорбтивті және уытты әсерлерін төмендетеді.

2.И.науқасқа тамақпен улануға байланысты асқазанды жуғаннан кейін мөлшері 0,5 белсендірілген көмірді таблетка түрінде тағайындады.


1.Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың қозуын тежейтін дәрілік заттарға,оның ішінде адсорбциялаушыы заттарға жатады.
2.Белсендірілген көмір қандай мақсатта тағайындалды?Улану нәтижесінде түзілген заттардың өнімдерін өзіне адсорбциялайды да,оның қанға сіңуін төмендетеді және сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды.
3.Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз:Ішке тағайындалғанда уытты заттарды адсорбциялайды,олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады.
4.Оы науқасқа қандай мөлшерде және түрде тағайындау қажет?Ересектер үшін улану және интоксикация жағдайында препарат 0,5-2 стакан судағы сулы ерітінді түрінде бір қабылдауға 20-30 г дозада тағайындалады.

3.У. науқасқа тіс экстракциясы (жұлу) барысында күрделі эфир тобындағы дәрімен анестезия жасалды. Біраздан кейін басының айналуы, жалпы әлсіздік, АҚҚ төмендеуі, терісінің қызаруы, майда бөртпелер, терісінің күлдіреуі байқалды. Ауыр жағдайдағы коллапс және анафилактикалық талықсу дамиды.


1. Науқасқа қандай препарат енгізілді? Новокаин
2. Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың қозуын тежейтін дәрілік заттарға,Соның Жергілікті анестетиктерге,оның ішінде Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын препарат
3.Препараттың анестезиялаушы әсерінің механизмін түсіндіріңіз:Сезімтал жүйке ұштарына және жүйке талшықтарына әсер етіп,қозудың таралуына немесе өтуіне кедергі жасайды.Әсер ету механизмі:Потенциалға тәуелді натрий каналдарының тежелуіне байланысты,Бұл потенциалдың өпайда болуына және оның ары қарай өтуіне кедергі жасайды.
4.Науқастағы жайсыз әсерлер немен байланысты дамыды?Гипотензивті әсері ОЖЖ не және симпатикалық ганглийлерге тежегіш әсерінің салдарынан болады.ОЖЖ не әсер етуі салдарынан оның тежелуі нәтижесінде басының айналуы, жалпы әлсіздік көрінеді. Адамдардың көбінде новокаинге сезімталдылық жоғары,сол себепті оны қолданар алдында аллергиялық реакуия бар ма жоқпа анықтау керек.Егер аллергия болса,ол аллергиялық реакция тері бөртпелері түрінде көрінуі мүмкін,өте ауыр жағдайда анафилактикалық шокқа әкелуі мүмкін.
4.Б.студентте қапырық бөлмеде зачет тапсыру кезінде бас айналу, тері жамылғысының бозарыуы, құлағының шулауы, айқын әлсіздік пайда болды.
1.Диагноз қойыңыз:Естен тану
2.Бұл жағдайда е істеу керек (қандай препарат және қалай енгізу керек)?аммиак (10% аммиак ерітіндісі) қолданылады.Препаратты қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау керек: препараттың теріге және шырышты қабаттарға түсуіне жол бермеу (химиялық күйік тудыруы мүмкін), жоғары концентрацияда препарат рефлекторлық тыныс алуды тоқтатады (қажет мақта тампонымен немесе аммиакпен суланған дәке мұрын саңылауларына 0, 5-1 сек).
3.Бұл препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет