Ж/б: Бірінші триместрде препарат жатырдың тонусын жоғарылатуы мүмкін
43.Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас А., ұзақ уақыт бойы антацидті дәрілер қабылдаған. Біраз уақыттан кейін жүрек айнуын, ішінің ауырсынуын байқай бастады. Науқасты зерттеу кезінде қанның қышқылды-сілтілі тепе - теңдігі алкалоз жағдайына қарай өзгергені анықталды.
Препаратты анықтаңыз.
Ж/б: натрий гидрокарбонаты
Оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз.
Ж/б: тез әсер ететін/сіңірілетін антацидты зат
Антацидтік әсер механизмін және алкалоз даму себебін түсіндіріңіз.
Ж/б: Натрий гидрокарбонаты асқазан сөлінің хлорлы сутек қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, жүйелік алкалоз шақырады.
NaHCO3 + HCl>>NaCl + CO2 + H2O
44. Науқас Л., 21 жаста, ауруханаға: асқазанындағы қыжылға, ашқарынға эпигастри аймағындағы ауырсыну сезімі ас содасын қабылдаумен басылатындығына шағымданып түсті. Асқазанның гастроскопиясында асқазанда 0,5 см. көлемінде жара бар екендігі анықталды.Қарын сөлінің рН-метриясында: қышқыл өндірісі орташа қарқынды және қоры аз,реакцияның холинергиялық түрі анықталды.
1.Ең тиімді және қауіпсіз фармакотерапияға таңдау жүргізіңіз.
Ж/б: құрамына алюминий гидрототығының гелі, магний тотығы және Д-сорбит кіретін алмагель препаратын қолдану.
2.Сіз таңдаған препараттардың әсер ету механизмін және ықтимал жанама әсерлерін көрсетіңіз.
Ж/б: Асқазанның хлорлы қышқылымен әсерлескенде СО2 түзілмейді, қолданғанда жүйелік алкалоз дамымайды, адсорбциялаушы әсері бар.
Қолданғанда іш қатуы мүмкін, сонымен қатар бүйрек аурулары бар адамдарда гипермагниемия дамуы мүмкін.
3.Рационалды мөлшерлеу режимін көрсетіңіз.
Ж/б: Препарат тамақтан кейін 45-60 минуттан кейін және кешке ұйықтар алдында қабылданады. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тәулігіне 3-4 рет 5-10 мл (1-2 өлшеуіш қасық) тағайындайды. Қажет болса, бір реттік дозаны 15 мл-ге дейін арттыруға болады (3 өлшеуіш қасық). 10 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға ересектерге арналған дозаның жартысына тең дозада тағайындалады.
45. 42 жастағы калькулезды холециститпен ұзақ уақыт бойы ауыратын әйел ұстамалар арасында оңжақ қабырға астындағы жағымсыздық сезімі кезінде, танысының ұсынысы бойынша «Аллохол» таблеткаларын ішіп бастаған. 3 күннен кейін кешкілік уақытта, оң жақ қабырға астында ұстама тәрізді қатты ауыру сезімі пайда болды. Ауырсыну оң жақ иығымен оң жақ мойынына таралды. 2 таблетка «Аллохол» препаратын қабылдау оған көмектеспеді. Ауырсыну одан сайын күшейіп науқас ауруханаға жатқызылды. Рентгенологиялық зерттеуден кейін науқасқа «Өт тас ауруы» диагнозы қойылды.
«Аллахол» препараты қай фармакологиялық топқа жатады?Өт айдайтын заттар;Өттің түзілуін күшейтетін дәрілер ;Өт препараттары
Неліктен «Аллахол» препаратын қабылдау нәтиже бермеді?
Негізі аллохол Бауыр жасушаларында өттің өндірілуін жоғарылатады, аш ішек кілегей қабығының рецепторларын ынталандырады, өттің тұтқырлығын азайтады, өттің өт жолдары арқылы жүруін арттырады.Науқаста өт тас ауру диагнозы қойылған,өт бөлінінуінің күшеюі ,тасты өт жолына алп келеді.
Осы науқасқа ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай дәрілік зат тағайындау қажет? Но-шпа (Миотропты әсерлі спазмолитик )
Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз.Но-шпа 4 типті фосфодиэстераза (ФДЭ) ферментінің тежелуіне байланысты тегіс бұлшықеттерге күшті спазмолитикалық әсер көрсетеді.ФДЭ4 ферментінің тежелуі цAMФ концентрациясының жоғарылауына, миозин жеңіл тізбекті киназасының инактивациясына әкеледі, бұл әрі қарай тегіс бұлшықеттердің релаксациясын тудырады.асқазан-ішек жолдарының, өт жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің тегіс бұлшықеттерін босаңсытады.Но-шпа қан тамырларын кеңейтетін әсерінің арқасында тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Осылайша, но-шпа жоғарыда аталған әсер ету механизмдері тегіс бұлшықеттердің спазмын жояды, бұл ауырсынудың төмендеуіне әкеледі.
46.Стенокардиямен ауыратын науқаста тыныштық пен қобалжу кезіндегі тексеруде холестерин деңгейінің 10,4 ммоль/л-ге дейін (норма 5,5) едәуір жоғарылауы, триглицеридтер деңгейінің 23 ммоль/л-ге дейін орташа жоғарылауы (норма 1,9), ЛПНП-ның жоғары деңгейі 52% - ға дейін (норма 0-10%) анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |