Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар



бет19/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2

Мидантан
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз:
Паркинсонизмге қарсы глутаматергиялық әсерлерді тежейтін заттар
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз : Мидантан глутаматтық NMDA- рецепторларды тежейді, сонымен қатар дофаминнің жетіспеушілігінде дамитын кортикаоды глутаматтық нейрондардың неостриатумға шектен тыс ынталандырғыш әсерін төмендетеді. Бұл Паркинсон ауруының клиникалық көріністерін - құрысу, дірілдеуді және гипокинезияны төмендетеді.Сондай-ақ қара субстанцияның нейрондарына қатысты нейропротекторлық әсер көрсетеді, NDMA рецепторларын тежеуімен және нейрондардың деструкциясын төмендететін жасуша ішіне кальций иондарының түсуінің азаюымен жүреді және аурудың үдеуін баяулатады.
78. Паркинсонизм кезінде базальды ядролардағы медиатор санын арттыру арқылы дофаминергиялық берілуді жақсартады. Жиі жүрек қан-тамыр жүйесі және ас қорыту мүшелері тарапынан бұзылыстар шақырады.
1.Препаратты анықтаңыз:
Леводопа
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз:
Дофаминергиялық әсерлерді белсендіретін заттар
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Гематоэнцефалды тосқауылдан және одан кейін нейрондарға өтіп леводопа дофаминге айналады. Дофамин базальды ганглийлерде жиналып, паркинсонизм көріністерін азайтады немесе жояды.
79.Эпилептикалық статусты тоқтату үшін қолданылады. ОЖЖ-да ГАМҚ-рецепторлардың медиаторларға сезімталдығының артуына байланысты ГАМҚ-ергиялық процестерді күшейтеді.
1.Препаратты анықтаңыз:
Диазепам
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз:
Эпилепсияға қарсы, ГАМҚергиялық жүйені белсендіретін заттар
3.Препараттың эпилепсияеа қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз: Бензодазепиндердің тыныштандырғыш, ұйықтатқыш және тб әсерлерінің механизмін оларлың арнайы бензодиазепиндік рецепторлармен байланысуымен түсіндіреді.Соңғысы ГАМҚна , бензодиазепиндерге және барбитураттарға сезімтал рецепторы бар ГАМҚа рецепторлардың макромолекулярлық кешенінің, сондай-ақ хлор ионофорларының бөлігі болып табылады. Бензодиазепиндер арнайы рецепторламен аллостериялық түрде байланысып, ГАМҚның тежегіш әсерін күшетеді”

80. Орталық әсерлі ауырсынуды басатын препарат. Қызуды төмендететін белсенділігі бар, қабынуға қарсы әсері жоқ. Асқазанның шырышты қабатына және бүйрек функциясына аз әсер етеді. Артық дозаланғанда бауыр зақымдануы мүмкін.


1.Препаратты анықтаңыз
Парацетамол
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Анальгетиктер——>
Айрықша орталық әсерлі заттар——>
Анальгетикалық белсенденділігі бар опиоидты емес препараттар——>
Орталық әсерлі (парааминофенол туындылары) опиоидты емес (наркотикалық емес) анальгетиктер
3.Препараттың қызуды түсіретін және ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Оған ауырсынуды басатын және қызуды түсіретін әсерлер тән. Әсер ету мех-і оның ОЖЖ-де простогландиндер синтезінің төмендеуіне әкелетін 3-типті циклоогигеназаны (ЦОГ-3) таңдамалы тежегіш қасиетіне байланысты.

81. ОЖЖ-де дофаминдік рецепторларды тежейді, психоздың өнімдік симптоматикасын азайтады (сандырақтау, галлюцинация), седативті әсер етеді. АҚҚ төмендетуі мүмкін. Жағымсыз әсерлері М-холинорецепторлардың тежелуіне байланысты. Экстрапирамидалық бұзылыстар шақырады.


1.Препаратты анықтаңыз Клозапин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Психтропты заттар——>


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет