Фармакология



бет15/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Рецепт үлгісі
Мөлшерге бөлінген жай ұнтақтың жазылуы:
1. 0,6 панкреатиннің (Pancreatinum) 24 ұнтағына жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет тамақтан бұрын.
Rp.: Pancretini 0,6
D.t.d. N. 24
S. 1 ұнтақ күніне 3 рет тамақтан бұрын.


Мөлшерге бөлінген күрделі ұнтақтың жазылымы:
2. Құрамында 0,02 папаверин гидрохлориді (Papaverini hydrochloridum) мен 0,01 фенобарбиталы (Phenobarbitalum) бар 10 ұнтаққа жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Papaverini hydrochloride 0,02
Phenobarbitali 0,01
Sacchari 0,3
M.f.pulvis
D.t.d. N.10
S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет

Ұшқыш және гигроскопиялық ұнтақтар пергаментті, балауыз (charta cerata) немесе парафинді (charta paraffinata) қағаздан жасалған қорапшада шығарылып, рецепте D.t.d. N… in charta cerata деп көрсетіледі.




Гранулалар – Granula
(Гранула-Nom.sing.Granulum,
Gen.sing.Granuli, Gen.pl.Granulorum)
Гранулалар –ішке қолдануға арналған, домалақ, цилиндр тәрізді немесе пішінсіз түрі бар бірыңғай бөлшек (дән) түріндегі қатты дәрілік түр. МФ Х талабына сәйкес гранулалардың өлшемі 0,2-3 мм аспауы тиіс.
Гранулалар –фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дәрілік түр. Өндірістерде қосымша зат ретінде қант, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, крахмал, глюкоза, тальк, қант сиропы, тағамдық бояғыштар және тағы басқа заттар пайдаланылады. Иісі мен дәмі ащы, тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттар көбінесе гранула түрінде шығарылады.
Гранулалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалатындықтан, рецепте қысқартылған түрде ғана жазылады, яғни дәрілік түрдің одан соң дәрілік заттың атауы мен оның мөлшері көрсетіледі. Гранулалар –мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр, сондықтан рецепте грануланы жалпы мөлшері (барлық қабылдауға) көрсетіледі. Гранулаларды көбінесе шай қасықпен мөлшерлейді. Кейбір гранулаларды қолданар алдында сумен ерітіп, сұйық дәрілік түр ретінде (шай немесе ас қасықтан) белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет