Антибиотиктерді еріту



бет1/5
Дата26.01.2022
өлшемі19,67 Kb.
#114777
  1   2   3   4   5
Байланысты:
практика 12



АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕРІТУ.


Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылады. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистилденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин, 1% лидокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, Медбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісі қолданылады: 1мл - 100.000 ЕД және 1мл - 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

- 500.000 ЕД : 10О.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Антибиотик мөлшерін анықтау үшін науқасқа тағайындалған дозаны қажетті мөлшердегі ерідіндімен еріту қажет

- 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет