Антибиотиктерді еріту


ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ҚОЮ



бет2/5
Дата26.01.2022
өлшемі19,67 Kb.
#114777
1   2   3   4   5
Байланысты:
практика 12

28. ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ҚОЮ

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, мақта шариктерін 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)

3. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен

мақсатын түсіндіріңіз.

4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

5. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

6. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, иненің қалпағын

кигізіп, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз (стандартты

қараңыз).

7. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды білектің ішкі бетін жоғары

қаратып қойыңыз.

8. Қолыңызды антисептикпен қайта өңдеңіз.

9. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір

бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын

жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз).

10. Спирттің толық кебуін күтіңіз.

11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V

саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен - цилиндрдің қыр жағынан

ұстаңыз.


12. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай

тартыңыз.

14. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бұрышпен)

қатарластыра ине қиығының тереңдігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына

еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің

қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

15. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың II, III саусақтарымен

цилиндрдің жиегінен ұстап I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

16. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей

кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады.

17.Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген

мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

20.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.

21.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз.

22.Қолды жууып құрғатыңыз.

23.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа

түсіндіріңіз.

Мүмкін болатын асқынулар: нәтижесінің бұрмалануы (тері антисептигінің толық

кепкенін күтпегенде)

 

29. ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ



Мақсаты: емдік-тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздан-дыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет