Фармакология


Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышкьілы (аспирин), натрий салицилаты, салициламид



бет123/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200
Байланысты:
Фармакология

1.Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышкьілы (аспирин), натрий салицилаты, салициламид.
Асidum acetylsalicylicum - ацетилсалицил қышқылы: 0,25 және 0,5 таб. тамақтан кейін уатып сумен қабылдау қажет. Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін (әсері басымырақ) және ауырсынуды басатын қасиеттері бар. Жанама әсері: диспепсия, құсу, лоқсу, асқазан тұсының ауырсынуы, ульцерогенді әсері (АІЖ-ң жарасының зақымдануы), асқазан мен ішектен қан кету, аллергиялық реакциялар, бронхспазм, бас айналуы, құлақ шуылдау және есту қабілетінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі мен тератогенді әсерлер байқалуы мүмкін.
Антиагрегантты және кейбір антикоагулянтты әсеріне байланысты ацетилсалицил қышқылы жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты тромбтың асқынуын алдын алуда кеңінен қолданылады. Ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсері аз мөлшерінде байқалады 0,2 - 0,25 мөлшерде тәулігіне қабылданады. Осы мақсатта ацетилсалицил қышқылының арнайы препараттары шығарылған: тромбо АСС, аспирин- кардио, құрамында 0,05 және 0,1 дәрілік заты бар.
Ацетилсалицил қышқылының көпіргіш таблеткалары: “Аспирин С”, “АЦЦ+С-Меркле”, “Алка-Зельтцер”, “Форталгин С”.
Егуге арналған ацетилсалицил қышқылы: ацелизин (аспизоль) (жедел ауырсынуда, қызу көтерілгенде, тромбофлебитте): 1,0 флаконда + 5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, б/е, к/т - 200 мл изотонды NаСІ немесе глюкоза еріт. тамшылатып енгізеді; натрий салицилаты: 10% - 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т енгізіледі.
Кцыстырылған препараттары: “Асфен”, “Аскофен”, “Кофицил”, “Цитрамон”, “Седальгин”, “Олдон”, “Ацифеин”, “Миронал”, “Томапирин”, “РингЫ”, Цефекон N (напроксен+салициламид+кофеин).

  1. Пирозолон туындылары: антипирин, аналыин.

Апаідіпит - анальгин (Б) - 0,5 таб. 50% 1-2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі. Анапыиннің ауырсынуды түсіретін, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттері айқын байқалады. Жанама әсері: қан жүйесінің тежелуі (лейкопения, гранулоцитопения, агранулицитоз) жүрек қан тамыр жүйесінің бүзылуы (стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі), аллергиялық реакциялар, ісіну, пиразолон туындыларының өнімдерінің ыдырауынан несеп қанық-сары немесе қызыл түске боялуы байқалады. 5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Қүрамында анальгині бар препараттар: “Баралгин”
(анальгин+спазмолитик), “Максиган”, “Спазган”, “Спазмалгон”, “Триган”, “Ревалгин” таб. және амп.; 5 мл б/е және к/т (қүрамы: анальгин + миотропты спазмолитик + М-холиноблокатор) енгізіледі. Бүл препараттардың аналыетиктикалық және спазмолитикалық әсері бар. Бауыр, бүйрек және ішек ауруларында, панкреатитте қолданылады. “Темпалгин" таб. (анальгин + темпидин + транквилизатор) түрінде шығарылады. Бұл препарат бас, тіс ауруларында, люмбагода, радикулитте тиімді. Анальгетик ретінде “Тетралгин”, “Пенталгин”таб. қолданылады. Анальгетикалық, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар “Андипал” таб. (қүрамы: анальгин + дибазол +папаверин + фенобарбитал) тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет