Оксикам туындылары; пироксикам (фелден, финалгель) – әсері ұзақ, тәулігіне 1 рет қабылдау қажет.; лорноксикам (ксефокам) анальгетикалық әсері жоғары, ісік ауруларында, операциядан кейінгі кезеңдерде қолданылады.
Мелоксикам (мовалис) – қабынған аймақта түзілген циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы тежейді. Қабынуға қарсы әсері жағынан ревматоидты артритте тиімді. Жанама әсері аз байқалады. Әсері ұқсас препараттарға; целококсиб (жағымсыз реакциялар аз байқалады) және нимесулид (месулид, найз, нимесил, нимулид) – сульфонанилид туындысы болып табылады. ЦОГ-2 таңдамалы тежейтін препараттар қолдануға қауіпсіз, терапевтикалық мөлшерінде АІЖ – на әсер етпейді және тромбоциттердің агрегациясын өзгертпейді.
Бейнаркотикалық анальгетиктерді СЕҚҚД асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, бауыр мен бүйректің қызметі бұзылуында, асқазан мен ішектен қан кетуде, бронхоспазмда («аспириндік» демікпе), лейкопенияда, жүктілікте (босанудың алдында) және лактацияда қолдануға болмайды. Жас балаларға абайлап қолдану қажет.
Психотропты дәрілер
Психотропты дәрілер адамның психикасы мен эмоциясына, көңіл- күйіне, мінез- құлқына және ойлау қабілетіне таңдамалы әсер етеді. Бұл топ препараттары психиатрияда және неврологияда, сондай – ақ терапевтикалық, хирургиялық, онкологиялық тәжірибеде және т.б. медицина салаларында кеңінен қолданылады.
Психотропты дәрілердің жіктелуі:
Нейролептиктер
Транквилизаторлар
Тыныштандыратын (седативті) дәрілер
Антидепрессанттар
Нормотимиялық дәрілер
Психостимуляторлар
Ноотроптар
Жалпы тонусты реттейтін дәрілер (Адаптогендер)
Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі – дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі:
Достарыңызбен бөлісу: |