Chlordiazepoxidum – хлордиазепоксид (Б); 0,005 таб. -1-2 таб. Тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.
«Күндізгі» транквилизаторлар; мезапам, грандаксин, оксилидин, мебикар, триоксазин – транквилизаторлық әсері өте төмен, ұйықтататын, тырысуға қарсы және бұлшық еттің босаңсуына әсер етпей, көңіл күй мен жұмысқа қабілеттілікті төмендетпейді.
Mezapamum - мезапам (Б): 0,01 таб. – 1таб. тәулігіне 2-3 рет.
Grandaxinum - грандаксин (Б); 0,05 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет.
Mebicarum – мебикар (Б): 0,3 таб.-1таб. тәулігіне 1-3 рет белгіленеді.
Тыныштандыратын (седативті) дәрілер – күшті қозуды, тітіркенуді басуға бағытталған. Транквилизаторлардан айырмашылығы қорұыныш сезімін, үрейді баса алмайды, миорелаксациялаушы әсері жоқ, дәріге тәуелділік тудырмайды. Ұйықтататын әсері жоқ, бәрақ ұйқы келуін жеңілдетеді.
Әсер ету механизмі: ми қыртысында тежелу процесін күшейтеді, ОЖЖ нің қозу процесін әлсіретеді, бас миының қыртыс қабатына өтетін белсенді импульстарды әлсіретеді. Седативті және спазмолитикалық әсер көрсетеді.
А) бром препараттары; натрий бромиді, калий бромиді, бромкамфора – бромидтер қозу мен тежелу процестерінің тепе теңдігін қалыптастырады, әсіресе ОЖЖ –ң күшті қозуларында, яғни бас ми қыртысының тежелу процесін күшейтеді.
Б) дәрілік өсімдік препараттары: шүйгіншөп (валериана), салаубас (бессмертник), пассифлора, таушымылдық (пиона), ново– пассит. Шүйгіншөп препаратының тыныштандыратын әсерінен басқа, спазмолитикалық әсері бар, яғни жүрек қан тамыр жүйесі неврозында және АІЖ– ң түйілуінде қолданылады.
Жеңіл неврозда, неврастенияда, жоғары тітіркенуде, вегетоневрозда (гипертониялық ауру, жүрек қан тамыр жүйесінің неврозы, АІЖ–ң түйілуі және т.б.), ұйқысыздықта қолданылады. Өсімдіктен алынған препараттары жақсы қабылданып, амбулаториялық тәжірибеде, әсіресе бөгде адамдарда кеңінен қолданылады. Жанама әсері: бромидтерді ұзақ қолданғанда кумуляцияға ұшырап, «бромизм» тудырады – жалпы теңселу, апатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, шырышты қабықшалардың қабынуы (жөтел, насморк, бронхит, коньюнктивит, іш өту), тері бөртпелері мұндай жағдайда бром препараттарын доғарып, көп мөлшерде сұйықтық және натрий хлоридімен бірге (тәулігіне 20г) белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |